
Облыста 25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамды қолдау әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі болып табылады.
2021 жылдан бастап осы санат үшін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылатын оңалтудың техникалық құралдарымен (протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды ұсыну) қамтамасыз ету шаралары көзделген.
Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу көзделген.
Бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар тұлғалар оңалтудың техникалық құралдарына және санаторлық-курорттық емделуге 9025 (85,0%) тапсырыс берілді, оның 4328-і міндетті гигиеналық құралдарға, 204-і ымдау тілі маманының қызметтеріне, 702-сі жеке көмекшінің қызметтеріне, 646-сы санаторлық-курорттық емдеуге, 445-і сурдологиялық көмекке, 591-і тифлотехникалық құралдарға, 380-і кресло-арбаларға, 1729-ы протездік-ортопедиялық көмекке берілген.
Портал мүгедек адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және өнім берушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ны жеткізу арқылы немесе өздігінен алып кетуге болады.
Азаматтарды қолдау жөніндегі байланыс-орталығынан Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады, ол үшін қажетті тілді таңдай отырып, 5 санын басу арқылы бірыңғай 1414 нөмірі арқылы хабарласуға болады.