Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 50 жылдығы

Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 50 жылдығы

Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша өткізілген іс-шаралар аясында ведомстволық бағынысты мекеме «Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ орталығының ашылғанына 50 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

Орталық мерейтойы құрметіне Аққайың аудандық мәдениет және көркемөнерпаздар үйі әртістері қызмет алушылар үшін мерекелік концерт ұйымдастырды, жекелеген қызметкерлерге адал еңбегі мен елеулі үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары тапсырылды, мерейтой аллеясы отырғызылып, «Уақыт капсуласы» орнатылды.