
Облыста Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылуда, оған қатысушыларға жаңа бизнес - идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі.
Ағымдағы жылы Бағдарлама шеңберінде грант беруге 399,0 млн.теңге, оның ішінде: ауыл тұрғындары үшін 310,3 млн. теңге және Петропавл қаласының тұрғындары үшін 88,7 млн. теңге мөлшерінде қаражат көзделген.
Бүгінгі күні жалпы сомасы 315,0 млн.теңгеге 546 мемлекеттік грант берілді.
Мемлекеттік грант алу шарттарымен танысу және Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.