Ағымдағы жылы әлеуметтiк әмиянды iске қосу жоспарлануда

Ағымдағы жылы әлеуметтiк әмиянды iске қосу жоспарлануда

Қазақстанда Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына оны есептеу тәсiлдерi бойынша өзгерiстер енгiзу жоспарлануда. Негiзгi өзгерiс «Арнайы мемлекеттiк жәрдемақы» ұғымының анықтамасына қатысты болды, ендi ол «жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, оның iшiнде электрондық ақшамен берiлетiн ақшалай төлем» ретiнде белгiленедi. Электрондық ақша -бұл банктiк шоттарда және электрондық әмияндарда сақталатын қаражат. Сонымен қатар, Қазақстанда жәрдемақыларды аудару үшiн ел азаматтарына проактивтi режимде қол сұғылмайтын әлеуметтiк электрондық әмияндар ашу жоспарлануда. Яғни, олар автоматты түрде құрылады және қазақстандықтардың ЖСН-iне байланыстырылады. Бұл үшiн банк картасын ашу үшiн екiншi деңгейдегi банктерге қосымша жүгiнудiң қажетi болмайды. Барлық қазақстандықтарға қол сұғылмайтын шоттар ашу жоспарлануда, әлеуметтiк әмияндағы ақша қаражаты арнайы банктiк шотқа ұқсас банктер, коллекторлар және салық органдары тарапынан өндiрiп алудан қорғалатын болады. Картаны әлеуметтiк әмиянға байлауға болады, одан басқа шоттарға ақша аударуға және қолма-қол ақшаны алуға болады.

Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтiк көмектi есептеу бойынша пилоттық режимде әлеуметтiк әмиянды iске қосу жоспарлануда.