
2021 жылғы 19 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары А.Ж. Сақыпкереевтiң қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимiнде Мүгедектер iстерi жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң бiрiншi отырысы өттi, онда мүмкiндiгi шектеулi адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтауға қатысты өзектi проблемалық мәселелер, оның iшiнде науқастарды медициналық-әлеуметтiк сараптамаға ресiмдеуге, мүгедектiктi тағайындауға, ғимараттар мен құрылыстарды салу кезiнде олардың халықтың қауқары аз топтары үшiн қолжетiмдiлiгiне қатысты мәселелер қаралды.
Отырысқа аудандар мен Петропавл қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi және мүгедектiк мәселелерi бойынша мүдделi тұлғалар қатысты.
Сонымен қатар, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң мүгедектiк мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi В.В. Эрманның ағымдағы жылы жоспарланып отырған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша мүдделi мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға мүгедек адамдардың өмiр сүру сапасын жақсартуға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал ететiн iс-шаралар жоспарын одан әрi iске асыру бойынша тапсырмалар берiлдi.