Қазiргi уақытта облыстың аудандарында және Петропавл қаласында өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде, оның iшiнде әлеуметтiк мәнi бар аурулар және айналадағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулар салдарынан тыныс-тiршiлiгi шектелген азаматтарға (балаларға) әлеуметтiк көмек төлемдерi жүзеге асырылады.
Осы көмек түрiн көрсету үшiн азаматтар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтiнiшпен қоса тиiстi құжаттармен жүгiне алады.
Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызметi баламалы негiзде «электрондық үкiмет» порталы арқылы көрсетiледi.