Вице-министр Ерлан Әукенов мүгедектiгi бар балалардың ата-аналарымен кездесу өткiздi

Вице-министр Ерлан Әукенов мүгедектiгi бар балалардың ата-аналарымен кездесу өткiздi

Баспасөз хабаралмасы

17.03.2021 ж. Нұр-Сұлтан қ.

Вице-министр Ерлан Әукенов мүгедектiгi бар балалардың ата-аналарымен кездесу өткiздi

Бiрқатар қоғамдық ұйымдардың бастамасымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Ерлан Әукеновтiң мүгедектiгi бар балалардың аналарымен кездесуi ұйымдастырылды. Iс-шараға ҚР Парламентiнiң депутаттары Берiк Әбдiғалиұлы мен Елнұр Бейсенбаев қатысты.

Мүгедектiгi бар балалардың аналары бiрқатар проблемалар мен ұсыныстарды айтты. Атап айтқанда, әйелдердi мүгедектiгi бар бала күтiмi бойынша жәрдемақымен бiрге асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлеу мүмкiндiгiн қарау мәселесi алаңдатты.

Бұл мәселенiң шешiмi Парламент Мәжiлiсiнiң қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасында көрiнiс тапты.

«Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Осы норманы енгiзген кезде 2 мың бала мүгедектiгi бойынша жәрдемақымен қатар асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы ала алады. Қазiргi уақытта таңдау бойынша жәрдемақының бiр түрi ғана берiледi», — деп атап өттi Ерлан Әукенов.

Сондай-ақ, мамандандырылған орталықтарда балаларды оңалту туралы мәселе қозғалды. Бүгiнгi күнi Қазақстанда халықты әлеуметтiк қорғау саласында 40 оңалту орталығы жұмыс iстейдi, оның iшiнде 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң (бұдан әрi — Еңбекминi) бастамасымен 12 жаңа орталық ашылды. Еңбекминi 2025 жылға дейiн олардың санын 2 есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда ерекше қажеттiлiктерi бар адамдарға түрлi әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетiлетiнiн атап өткен жөн. Атап айтқанда, мүгедектiгi бар бала тәрбиелеп отырған азаматтарға ай сайынғы жәрдемақы, бала кезiнен I топтағы мүгедекке күтiм жасау бойынша ай сайынғы жәрдемақы төленедi. Оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрiн (67 түрлерiн ескере отырып), жеке көмекшiлердiң қызметтерiн, санаторлық-курорттық емдеу, қалалық қоғамдық көлiкте тегiн жүру және инватакси қызметтерiн алу мүмкiндiгi бар. Мүгедектiгi бар адамдарға (I, II топтағы) бiржолғы ақшалай төлемдер, тiс протездеу қызметтерi, қатты отын сатып алуға әлеуметтiк көмек және т.б. ұсынылады.