Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен Әлеуметтiк қызметтер порталының жұмысы бойынша кеңес

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен Әлеуметтiк қызметтер порталының жұмысы бойынша кеңес

2021 жылғы 4 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Сыздықов аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен бейнеконференцбайланыс (ZOOM) режимiнде кеңес өткiздi, оның барысында мүгедек адамдарды 2 ай iшiнде оңалту қызметтерiмен және техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi және 2021 жылғы 1-тоқсандағы күтiлетiн орындау талқыланды. Проблемалық мәселелер талқыланып, кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берiлдi.