
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Ербол Оспанов ҚР Президентiнiң мүгедектiгi бар адамдарға қолайлы жағдай жасау жөнiндегi тапсырмасының орындалуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.
Ербол Оспанов ОКҚ брифингiнде: «Бүгiнгi таңда қазақстандықтарға мүгедектiк белгiлеу, жәрдемақылар ресiмдеу, техникалық құралдар мен оңалту қызметтерiн алу үшiн түрлi инстанцияларға жүгiнуге тура келедi. Инстанцияларға баруды, қағазбастылықты, сондай-ақ қызмет берушiлердiң көрсетiлетiн қызметтi алушылармен байланысын болдырмау мақсатында үдерiстердi цифрландыру бойынша жұмыс жүргiзiп жатырмыз. Атап айтқанда, мүгедектiктi сырттай белгiлеу туралы сөз болып отыр — өтiнiш берушi тек медициналық мекемелерге жүгiнедi, қалған үдерiстер адамның қатысуынсыз, ақпараттық жүйелердi ықпалдастыру арқылы жүргiзiледi: жәрдемақылар, әлеуметтiк қызметтер және оңалтудың техникалық құралдарын тағайындау автоматты түрде жүргiзiлетiн болады», — дедi.
Оның айтуынша, барлық қажеттi ақпараттық жүйелердi ықпалдастырылды, Денсаулық сақтау министрлiгiмен ықпалдастыру ғана қалды, бұл жақын арада жасалады. Ол сондай-ақ, 2020 жылы мүгедек адамдарға оңалтудың техникалық құралдары (бұдан әрi — ОТҚ) мен оңалту қызметтерiн өндiрушi мен өнiм берушiнi өз бетiнше таңдауға мүмкiндiк беретiн Әлеуметтiк қызметтер порталы (бұдан әрi-ӘҚП) iске қосылғанын, ал мемлекет олардың құнын өнiм берушiге ғана өтейтiнiн еске саламыз.
«Әлеуметтiк қызметтер порталы адами факторды, яғни осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендетудi ынталандырады. Осы цифрлық алаңның арқасында кезектiлiк үдерiстерi айқын болады, ОТҚ жеткiзу мерзiмдерi қысқарып, өнiм берушiлер өз рейтингтерiн арттыру үшiн қызметтерiн барынша сапалы көрсетуге мүдделi болады. Әрине, ауылдық жерлерде интернетпен толық қамтылмау, тауарларды, қызметтердi сапасыз өнiм берушiлер және әлеуеттi өнiм берушiлердiң шектеулi саны сияқты тежеушi факторлар да бар, бiрақ бұл бағытта бiз Цифрлық даму министрлiгiмен бiрлесiп жұмыс iстеймiз», — деп атап өттi вице-министр.