Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде Алғыс айту күнiне арналған мерекелiк iс-шаралар туралы

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде Алғыс айту күнiне арналған мерекелiк iс-шаралар туралы

1 наурыз — Алғыс айту күнiн мерекелеу аясында барлық медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мерекелiк бағдарламалар, көрмелер, дөңгелек үстелдер мен сұхбаттар, спорттық iс-шаралар, музыкалық сабақтар өткiзiлдi.

Iс-шараға қызмет алушылар, мекеме қызметкерлерi және мектеп оқушылары, ардагерлер кеңесiнiң өкiлдерi қатысты.

«Арман» балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушiлерi аппликациялар дайындады, қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында («Смирнов әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы» КММ және «Надежда» Тайынша әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы» КММ) «Жанымызда бейбiтшiлiк болсын», «Алғыс айту күнi» мерекелiк бағдарламалары өттi, көрмелер безендiрiлдi, «Әлем жақсы адамдарға толы», «Алғыс жүректен шығады» тақырыптық әңгiмелесулер өткiзiлдi.