Церебральдi сал ауруы бар балаларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету

Церебральдi сал ауруы бар балаларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету

Бүгiнгi таңда Солтүстiк Қазақстан облысында церебралды сал ауруы (БЦС) диагнозы бар 361 мүгедек бала тұрады. 2020 жылы мүгедек балалар түрлi оңалту құралдарымен қамтамасыз етiлдi.

71 бала 90 кресло-арба алды, 57 мүгедек бала протездiк-ортопедиялық құралдармен (БЦС бар балаларға арналған жүргiштер, ортопедиялық аяқ киiм, корсеттер), 115 мүгедек бала мiндеттi гигиеналық құралдармен (жөргектер, сiңiргiш жаймалар, қорғаныш кремдерi, ұнтақтар, иiстi бейтараптандырғыштар және т.б.) қамтамасыз етiлдi.

Ағымдағы жылы БЦС ауруы диагнозы бар балаларды 25 кресло-арбамен, 62 баланы протездiк-ортопедиялық құралдармен және 120 мүгедек баланы мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.