Өңiрдiң еңбек нарығында құрылыс және қызмет көрсету саласының мамандарына деген сұраныс жоғары. Осы орайда биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында 500 адам қысқа мерзiмдi оқытудан өтпек. Ал “Жұмыспен қамтудың жол қартасы” аясында аймақта 22 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Өңiрде “Бастау” жобасы аясында оқыту белсендi түрде жүргiзiлуде. Өткен жылдың өзiнде мыңға жуық адам оқыту курстарынан өткен. 70 пайыздан астамы өз iсiн ашыпты. Ал биыл кәсiпкерлiктiң қыр-сырын 750 солтүстiкқазастандық меңгермек. Үстiмiздегi жылы курстар сәуiр айында басталады деп жоспарланған. Естерiңiзге сала кетейiк, “Бастау” жобасы «Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылуда.
Гүлнәр Шәймерденова — СҚО жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бөлiм басшысы:
– Жалпы, былтыр “Еңбек” бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестi қолдауға 3 жарым млрд бағытталған. Қомақты сомаға 650-ден астам несие мен 1700-ге жуық грант берiлген. Ал биыл ағайынға тек несие ретiнде 1,8 млрд теңге үлестiрiлмек.
Өңiрдiң еңбек нарығында құрылыс және қызмет көрсету саласының мамандарына деген сұраныс аса жоғары. Биыл экономика саласының дамуын ескере отырып, 500 адамды қысқа мерзiмдi оқыту жоспарланған. Оның жартысына жуығы құрылыс мамандықтары бойынша бiлiм алмақ екен. Тағы бiр қолдау жайлы айта кетейiк. Өлкемiзде “Еңбек” бағдарламасы аясында «Жастар тәжiрибесi» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба былтырдан берi “Ұрпақтар келiсiм шарты” және “Бiрiншi жұмыс орны” деп аталатын 2 бағыт бойынша жүргiзiлуде. Ұрпақтар келiсiм шарты” бағыты аясында бiлiктi қызметкер жас маманмен тәжiрибесiмен алмасады. Ал “Бiрiншi жұмыс орны” бағыты жасы 29-дан аспаған, тәжiрибесi жоқ, бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне және еңбекке жарамды мүгедектерге арналған. Олар осы бағыт бойынша бiлiм алып, кейiн жұмыс таба алады.
Гүлнәр Шәймерденова — СҚО жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бөлiм басшысы:
– Жалпы, өткен жылы 30 мың жерлесiмiз екi қолға бiр күрекпен қамтылды. Бұл бағыттағы негiзгi iс-шаралар “Еңбек” мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Сондай-ақ, аққайындар өлкесiнде былтыр 12 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Дана Сәлiмқызы — тiлшi:
– Өлкеде “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы да сәттi жүзеге асырылуда. Оның аясында былтыр 7 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Нәтижесiнде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 жарым мың адам қызметке тұрған. Ал үстiмiздегi жылы аққайындар өлкесiнде 22 инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жоспарланған. Осының арқасында қосымша 500-ге жуық жұмыс орны пайда болмақ.
Ешкенова Дана