«Е-собес» ААЖ жаңа клиентiмен жұмыс iстеу үшiн және Әлеуметтiк қызметтер порталында онлайн-оқытуға қатысу

«Е-собес» ААЖ жаңа клиентiмен жұмыс iстеу үшiн және Әлеуметтiк қызметтер порталында онлайн-оқытуға қатысу

2020 жылғы 21-22 желтоқсанда ZOOM конференция режимiнде Жергiлiктi атқарушы органдардың (СҚО әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының өкiлдерi, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, ауылдық округтердiң әкiмдерi) қызметкерлерiн өңiрлерге әдiснамалық қолдау шеңберiнде «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң жаңа клиентiмен жұмыста және әлеуметтiк қызметтер порталында арнаулы әлеуметтiк қызметтер модулiн iске асыру мәселелерi бойынша оқыту өттi.

Бұл Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеуге және қызметтердi ұйымдастыру үдерiстерiн автоматтандыруға арналған.

Оқыту курстарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «InesSoft» ЖШС ұйымдастырды.