Мүгедек балалар оңалту құралдарымен қамтамасыз

Мүгедек балалар оңалту құралдарымен қамтамасыз

Жыл сайын мүгедек балалар оңалту құралдарымен қамтамасыз етiледi.

Осындай құралдардың бiрi церебральды сал ауруы, церебральды грыжа, менингоцел, аяқ-қолдардың деформациясы, буындардың контрактурасы немесе басқа да бұлшықет аурулары салдарынан тiрек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мамандандырылған креслолар болып табылады.

Осы типтегi арнайы көлiк құралдарының әдеттегi арбалардан айырмашылығы оның абдуктор, басты бекiтiп ұстап тұратын құрал, колясканың артқы жағының бұрышын реттеу мүмкiндiгi және т. б. қосымша конфигурацияға ие болуында.

Ерекше қажеттiлiктерi бар балалардың ата-аналарының көптеген өтiнiштерi мен арыздары бойынша ағымдағы жылы 23 Umbrella мамандандырылған кресло-арбалары сатып алынды, олар ықшамдылығымен, тауардың жоғары сапасымен, жиынтықта жаңбырдан қорғаныстың болуымен, баланың аяқтарына арналған жылы қысқы жамылғысымен ерекшеленедi.

Ағымдағы жылғы 4 қарашадан бастап Петропавл қаласы мен аудандарда әмбебап кресло-арбалар берiле бастады.