Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 9720 адам қатысты, оның ішінде 7048 адам немесе 72,5%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 8952 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 5928 адам жұмысқа орналастырылды.
Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін 2022 жылы жұмыс берушілерден келіп түскен өтінімдер бойынша және жұмыс берушілердің жұмыс орнында 500 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға 208 адам жіберілді, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша -188 адам және жұмыс орнында 20 адам оқытылды.
Сонымен қатар, 159 жұмыссыз адам онлайн оқуға кірісті, оның ішінде 139 адам сертификат алды.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 356 қатысушы (жоспарда – 750 адам) оқуын аяқтады.
Жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға 799,4 млн.теңге сомасына 655 грант беру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың басынан бері 53 адамға 53,4 млн.теңге сомасында гранттар берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 287 қатысушы (жоспарда - 274 адам), жастар тәжірибесіне 349 қатысушы (жоспарда - 476 адам), қоғамдық жұмыстарға 2238 қатысушы (жоспарда - 2184 адам) жіберілді, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша 150 адам (жоспарда -231 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 730 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.
2022 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 1384 адам бар 341 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 69 отбасы (233 адам), Түркістан облысынан – 112 отбасы (493 адам), Алматы облысынан - 44 отбасы (177 адам), Шымкент қ. – 35 отбасы (142 адам), Жамбыл – 24 отбасы (96 адам), Қызылорда облысынан – 29 отбасы (115 адам), Алматы қ. – 18 отбасы (78 адам) және Маңғыстау облысынан – 10 отбасы (50 адам).
Келген 1384 адамның арасынан 622 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 321 адам тұрақты жұмыс орнына, 5 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 43 адам өз ісімен айналасады, 683 бала, 34 зейнеткер және 45 студент көшіп келді.
Қандастар бойынша
2022 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы саны 67 адаммен 45 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 9 отбасы (16 адам), Ираннан – 3 отбасы (8 адам), Монғолиядан – 7 отбасы (7 адам), Ресей Федерациясынан – 24 отбасы (34 адам), Украинадан – 1 отбасы (1 адам), Қытайдан – 1 отбасы (1 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 30 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 41 отбасы (88 адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген 88 адамның арасынан: 40 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 26 адам жұмысқа орналастырылды, 5 адам өз ісімен айналасады.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 тамыздағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 7,4 мың адамды құрады.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мыналар:
- 1630 отбасындағы 6969 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 339,3 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 265 отбасына 3,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9 %-ға немесе 108 отбасына аз (2021 жылғы 01.08. – 373 отбасы).
13 638 азаматқа 438,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5 %-ға немесе 4436 адамға аз (2021 жылғы 01.08 – 18074 адам).
Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
383 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 291 кресло-арба сатып алынды;
419 сурдо-техникалық құрал, 342 құрал сатып алынды;
383 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 352 құрал сатып алынды;
1170 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 935 құрал сатып алынды.
6 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2374 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 1774 іс-шара орындалды.
326 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 306 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 1275 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 569 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 350 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 219 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.