Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы АҚПАРАТ

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 7899 адам қатысты, оның ішінде 5877 адам немесе 74%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Жоба шеңберінде барлығы 7694 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 5143 адам жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін 2022 жылы жұмыс берушілерден келіп түскен өтінімдер бойынша және жұмыс берушілердің жұмыс орнында 500 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта 146 адам жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді, онын ішінде 130 адам жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша, 16 адам орын жұмыста.

Жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін жеке ісін ашуға жағдай жасау мақсатында 799,4 млн. теңге сомасына 655 грант беру жоспарлануда. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 53,4 млн.теңгеге 53 адамға гранттар берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 272 қатысушы (жоспарда - 274 адам), жастар тәжірибесіне 176 қатысушы (жоспарда - 476 адам), қоғамдық жұмыстарға 1998 қатысушы (жоспарда - 2184 адам) жіберілді, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша 105 адам (жоспарда -231 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

 

Коныс аудару

  Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 730 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.

2022 жылдың 1 шілдедегі  жағдай бойынша 869 адам бар 221 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 44 отбасы (157 адам),  Түркістан облысынан – 69 отбасы (280 адам),  Алматы облысынан  - 33 отбасы (134 адам), Шымкент қ. – 25 отбасы  (98 адам), Жамбыл – 16 отбасы (64 адам), Қызылорда облысынан  – 21 отбасы (76 адам), Алматы қ. – 9 отбасы (39 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 4 отбасы (21 адам).

Келген 869 адамның арасынан 393 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 200 адам  тұрақты жұмыс орнына, 2 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 7 адам өз ісімен айналасады, 427 бала, 20 зейнеткер және  29 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2022 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы саны 55 адаммен 37 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 7 отбасы (14 адам), Ираннан – 3 отбасы (8 адам), Монғолиядан – 6 отбасы (6 адам), Ресей Федерациясынан – 19 отбасы (25 адам),  Украинадан – 1 отбасы (1 адам), Қытайдан – 1 отбасы (1 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 29 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 34 отбасы (79 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген 79 адамның арасынан: 36 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 23 адам жұмысқа орналастырылды.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 шілдеге аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 7,0 мың адамды құрады.

2022 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша мыналар:

- 1604 отбасындағы 6860 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 286,1 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 265 отбасына 3,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4 %-ға немесе                 105 отбасына аз (2021 жылғы 01.07. – 370 отбасы).  

13500 азаматқа 422,8 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4 %-ға немесе 3890 адамға аз (2021 жылғы 01.07 – 17390 адам).

 

                   Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

383 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 241 кресло-арба сатып алынды;

419  сурдо-техникалық құрал,  303 құрал сатып алынды;

383 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 299 құрал сатып алынды;

1170 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 801 құрал сатып алынды.

6 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2374 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 1616 іс-шара орындалды.

326  адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 238 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

         Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі  жағдай бойынша 1114 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 560 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 348 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 212 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
11 июля 2022
Дата обновления
11 июля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы