Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 4215 адам қатысты, оның ішінде 2571 адам немесе 61% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 4159 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2408 адам жұмысқа орналастырылды.
Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін 2022 жылы жұмыс берушілерден келіп түскен өтінімдер бойынша және жұмыс берушілердің жұмыс орнында 500 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған.
Жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін жеке ісін ашуға жағдай жасау мақсатында 799,4 млн. теңге сомасына 655 грант беру жоспарлануда.2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 52,2 млн.теңгеге 31 адамға гранттар берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 224 қатысушы (жоспарда - 274 адам), жастар тәжірибесіне 113 қатысушы (жоспарда - 476 адам), қоғамдық жұмыстарға 1388 қатысушы (жоспарда - 2184 адам) жіберілді, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша 26 адам (жоспарда - 83 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 730 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.
2022 жылғы 1.05. жағдай бойынша облысқа жалпы саны 269 адамнан тұратын 75 қоныс аударушы отбасы келді, олар: Алматы облысынан 13 отбасы 51 адам, Жамбыл облысынан – 5 отбасы 15 адам, Қызылорда облысынан – 9 отбасы 35 адам, Маңғыстау облысынан – 1 отбасы 5 адам, Түркістан облысынан - 21 отбасы 83 адам, Шымкент қаласынан - 7 отбасы 23 адам, Алматы қаласынан - 2 отбасы 7 адам, Нұр-сұлтан қаласынан - 17 отбасы 50 адам.
Көшіп келгендердің жалпы санынан еңбекке қабілетті жастағылардың саны - 133 адам. Тұрақты жұмыс орындарына 59 адам, қоғамдық жұмыстарға 1 адам орналастырылды.
Қандастар бойынша
2022 жылғы 01.05. жағдай бойынша облысқа жалпы саны 27 адамнан тұратын 12 қандас отбасы келді, оның ішінде РФ-дан – 5 отбасы (6 адам), Өзбекстан Республикасынан – 3 отбасы (12 адам), Қытайдан – 3 отбасы (3 адам) және Ираннан - 1 отбасы (6 адам).
Көшіп келгендердің жалпы санынан алғанда еңбекке қабілетті жастағылар саны – 8 адам. Тұрақты жұмыс орындарына 5 адам жұмысқа орналастырылды.
Ұлттық жобаға сәйкес ағымдағы жылы қандастарды қабылдау квотасына 43 отбасын, 129 адамды қосу жоспарлануда.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 мамырдағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 6,7 мың адамды құрады.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мыналар:
- 1380 отбасындағы 5948 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 183,1 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 254 отбасына 2,9 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8 %-ға немесе 108 отбасына артты (2021 жылғы 01.05. – 362 отбасы).
11930 азаматқа 346,6 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5 %-ға немесе 1861 адамға артты (2021 жылғы 01.05 – 10069 адам).
Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
359 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 168 кресло-арба сатып алынды;
400 сурдо-техникалық құрал, 203 құрал сатып алынды;
436 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 190 құрал сатып алынды;
1144 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 488 құрал сатып алынды.
6 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2323 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 1182 іс-шара орындалды.
311 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 76 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 909 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 561 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 362 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 199 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.