Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы АҚПАРАТ

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі-Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 2816 адам қатысты, оның ішінде 1831 адам немесе 65% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Жоба шеңберінде барлығы 2802 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1406 адам жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін 2022 жылы жұмыс берушілерден келіп түскен өтінімдер бойынша және жұмыс берушілердің жұмыс орнында 500 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған. 

Жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін жеке ісін ашуға жағдай жасау мақсатында 799,4 млн. теңге сомасына 655 грант беру жоспарлануда.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 202 қатысушы (жоспарда - 274 адам), жастар тәжірибесіне 78 қатысушы (жоспарда - 476 адам), қоғамдық жұмыстарға 1099 қатысушы (жоспарда - 2184 адам) жіберілді, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша 17 адам (жоспарда - 83 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

 

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 730 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.

Қандастар бойынша

2022 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша жалпы саны 12 адаммен 6 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 2 отбасы (3 адам), Өзбекстан Республикасынан 2 отбасы (2 адам), Монғолиядан  – 1 отбасы (1 адам) және Ираннан – 1 отбасы (6 адам) келді.

Қоныс аударған оралмандардың қатарында еңбек жасындағылар 7 адам.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы қандастарды қабылдау квотасы 43 отбасы 129 адамды енгізу жоспарланған.

 

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 сәуірдегі аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,9 мың адамды құрады.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мыналар:

- 1358 отбасындағы 5854 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 173,6 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 252 отбасына 2,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6 %-ға немесе 101 отбасына артты (2021 жылғы 01.04. – 353 отбасы). 

 - 3394 азаматқа 103,2 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,9 %-ға немесе 5745 адамға артты (2021 жылғы 01.04 – 9139 адам).

 

                   Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

359 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 118 кресло-арба сатып алынды;

400  сурдо-техникалық құрал,  100 құрал сатып алынды;

436 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 140 құрал сатып алынды;

1144 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 279  құрал сатып алынды.

6 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2323 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 874 іс-шара орындалды.

311 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 17 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 691 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 515  адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 323  МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 192 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
11 апреля 2022
Дата обновления
11 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы