Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі-Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы жұмыспен қамту іс-шараларына 2504 адам қатысты, оның 1390-і немесе 55,5% - ы ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 2008 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 818 адам жұмысқа орналастырылды.
2022 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушінің өтінімдері бойынша және 500 адамды жұмыс орнынан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған.
Жеке ісін ашуға жағдай жасау үшін 750 қатысушыға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Бұдан басқа, жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 799,4 млн.теңге сомасына 655 грант беру жоспарлануда.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 178 қатысушыны (жоспарда - 274 адам), жастар тәжірибесіне 55 қатысушыны (жоспарда - 476 адам), қоғамдық жұмыстарға 942 қатысушыны (жоспарда – 2184 адам), «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша 9 адамды (жоспарда - 83 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 730 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.
Қандастар бойынша
2022 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы саны 12 адаммен 6 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 2 отбасы (3 адам), Өзбекстан Республикасынан 2 отбасы (2 адам), Монғолиядан – 1 отбасы (1 адам) және Ираннан – 1 отбасы (6 адам) келді.
Қоныс аударған оралмандардың қатарында еңбек жасындағылар 7 адам.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы қандастарды қабылдау квотасы 43 отбасы 129 адамды енгізу жоспарланған.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 наурыздағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,8 мың адамды құрады.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мыналар:
- 1282 отбасындағы 5521 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 91,9 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 178 отбасына 1,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,9 %-ға немесе 50 отбасына артты (2021 жылғы 01.03. – 228 отбасы).
830 азаматқа 42,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,6 %-ға немесе 7135 адамға артты (2021 жылғы 01.03 – 7965 адам).
Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
359 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 81 кресло-арба сатып алынды;
400 сурдо-техникалық құрал, 42 құрал сатып алынды;
436 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 124 құрал сатып алынды;
1144 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 174 құрал сатып алынды.
6 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2323 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 540 іс-шара орындалды.
311 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 2 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 441 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 509 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 323 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 186 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.