Меню

Страницы

Статья

СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2021 жылғы бюджеттік бағдарламалар туралы ақпарат

«Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 2021 жылға нақтыланған бюджет бойынша 9 134, 382 млн. теңге көзделген.

2021 жылға арналған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар:

256.001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған жыл жоспары 175,851 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама бағдарлама әкімшісіне жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, кедейлік пен жұмыссыздықты облыстық нысаналы бағдарламаларда көзделген деңгейге дейін төмендету, табысы аз азаматтарды және халықтың басқа да осал санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі бағдарламаларды толық көлемде іске асыру мақсаттарын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Басқарма қызметкерлерінің (жалақысы көтерілген) саны –43 бірлік;
  2. Басқарма қызметкерлерінің саны - 43 бірлік.Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Аз қамтылған азаматтарды және халықтың басқа да осал санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі бағдарламаларды толық көлемде іске асыру - 100%

256.007 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған жыл жоспары 46,683 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама: Ережеге сәйкес функцияларды тиімді орындау үшін басқарманың үздіксіз қызметі сияқты мақсатты көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. «СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ ғимаратын күрделі жөндеу – 1 бірлік.
  2. «СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ ғимаратында баспалдақтар мен пандустарды күрделі жөндеу – 1 бірлік.
  3. Материалдық-техникалық базаны нығайту-10 бірлік.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Ережеге сәйкес функцияларды тиімді орындау үшін басқарманың үздіксіз қызметі. Күрделі шығыстарға бөлінген бюджет қаражатын тиімді, уақытылы және толық игеру. Негізгі құралдарды есепке алу -1 ғимарат, 10 бірлік.

256.002 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарлама бойынша нақтыланған жылдық жоспар 800,345 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру мақсатын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Ұйым қызметкерлерінің саны-143,25 бірлік.
  2. Ұйым қызметкерлерінің саны-273,25 бірлік.
  3. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектердің саны-440 адам.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің барлық қамқорлығындағы адамдарға жеке қажеттіліктерді ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені 100% көрсетіледі.

256.012 «Тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 83,922 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру мақсатын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Ұйым қызметкерлерінің саны-24,5 бірлік.
  2. Ұйым қызметкерлерінің саны-42,5 бірлік.
  3. Медициналық - әлеуметтік мекемеде тәрбиеленетін мүгедек балалар саны-20 адам.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің барлық қамқорлығындағы адамдарға жеке қажеттіліктерді ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені 100% көрсетіледі.

256.013 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 2 399, 182 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру мақсатын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Ұйым қызметкерлерінің саны-585,35 бірлік.
  2. Ұйым қызметкерлерінің саны-746,85 бірлік.
  3. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедектердің саны-1 210 адам.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің барлық қамқорлығындағы адамдарға жеке қажеттіліктерді ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені 100% көрсетіледі.

256.014 «Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 85,514 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру мақсатын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Ұйым қызметкерлерінің саны-22,0 бірлік.
  2. Ұйым қызметкерлерінің саны-31,5 бірлік.
  3. Мүгедектерді оңалту орталығында оңалту іс-шаралары курсынан өту үшін мүгедектер саны - 250 адам.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің барлық қамқорлығындағы адамдарға жеке қажеттіліктерді ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені 100% көрсетіледі.

256.015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарында), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша  жылдық жоспар 374,199 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру мақсатын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Ұйым қызметкерлерінің саны-121,9 бірлік.
  2. Ұйым қызметкерлерінің саны-151,8 бірлік.
  3. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу бойынша қызметтер көрсетілген адам саны - 95.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің барлық қамқорлығындағы адамдарға жеке қажеттіліктерді ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені 100% көрсетіледі.

256.018 «Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» бюджеттік бағдарлама бойынша нақтыланған жылдық жоспар 83,968 млн. теңгені құрайды.  

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Үйде қызмет көрсету жағдайында үкіметтік емес секторда арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған азаматтардың саны - 30 адам.
  2. 20 адамға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
  3. Үйде қызмет көрсету жағдайында үкіметтік емес секторда арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған азаматтардың саны 50 адам.
  4. 20 адамға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
  5. «Теңіз қоғам» орталығы арқылы көрсетілетін қызметтермен қамтылған азаматтар саны - 385 адам.
  6. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» арқылы көрсетілетін қызметтермен қамтылған азаматтар саны - 120 адам.
  7. «Бақытты отбасы» орталығы арқылы көрсетілетін қызметтермен қамтылған отбасылар саны – 2 928 отбасы.
  8. Ақпараттық-консультациялық қызметтермен қамтылған азаматтар саны - 495 адам.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі – 1,8%.

Ақпараттық-консультациялық қызметтермен қамтылған адамдар қатарындағы еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі-20%.

256.044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 3,523 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын үй беру мақсатын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. ОУОО – ға қоныстану үшін 30 адамға жолдама берілді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің алғашқы қоныстану тәртібін және этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталықтарында болу мерзімдерін сақтай отырып, уақытша тұруын қамтамасыз ету - 1 ОУОО.

256.053 «Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу бойынша көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша нақтыланған жылдық жоспар 4,950 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарына қызметтер көрсету тиімділігін арттыру мақсатын көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет көрсету - 1 мүгедек балаға.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Кохлеарлық импланттары бар, кохлеарлық имплантантқа сөйлеу процессорын сатып алу, ауыстыру және Баптау бойынша қызметтер көрсетілген мүгедектердің үлес салмағы (кохлеарлық импланттары бар мүгедектерге қызмет көрсетуге жүгінгендердің ішінен) – 100%.

256.067 «Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған жыл жоспары 114,255 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама медициналық-әлеуметтік мекемелердің - МӘМ материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейді.

  Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Материалдық-техникалық базаны нығайту (автокөлік құралдары, жиһаз, ас үй, кір жуу, медициналық жабдықтар және т. б.) - 829 бірлік.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту – 9 ӘҚО.

256.113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша нақтыланған жоспар 4 961,991 млн. теңгені құрайды.

Бұл бағдарлама «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша міндеттерді шешу арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және біліктілігі жоқ адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту; халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету тиімділігін арттыру; Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі шығыстарды жүргізу; Мемлекеттік ұйымдар: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, Халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің жалақысын арттыру; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс алтыншы жылдығын мерекелеуді өткізу сияқты мақсаттарды көздейді.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар көрсету - 250 адам;
  2. Жастар тәжірибесіне 430 адам жіберілді;
  3. Көшуге субсидия 3013 адамға берілді;
  4. Тұрғын үйді жалға алуға (жалдауға) және коммуналдық шығындарды өтеуге 1 796 адам субсидия берілді.
  5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 762 адам гранттар берілді (200 АЕК – ке дейін);
  6. 3 075 адамға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды;
  7. Шартты және шартсыз ақшалай көмекпен қамтылған азаматтар саны - 9 971 адам;
  8. КӘТ алушылар саны (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар) -2 469 адам;
  9. Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 1942 адам (оның ішінде несеп қабылдағыштармен – 86 адам, нәжіс қабылдағыштармен – 192 адам, жаялықтармен – 1 664 адам);
  10. Бір реттік катетерлермен қамтамасыз ету – 4 адам;
  11. Ымдау тілі мамандарының қызметтері - 189 адам;
  12. Техникалық көмекші құралдардың кеңейтілген тізбесімен қамтамасыз ету – 2 537 адам;
  13. Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету-381 адам;
  14. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету-379 адам;
  15. Арнаулы жүріп - тұру құралдарымен қамтамасыз ету -375 адам;
  16. Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтылған азаматтар саны - 1862 адам;
  17. Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету - 705 адам.
  18. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, жалақыға қосымша ақы белгіленген мемлекеттік Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің саны - 813,15 бірлік;
  19. Біржолғы ақшалай көмекпен қамтылған азаматтар саны - 5 636 адам.
  20. Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтылған азаматтар саны-211 адам;
  21. Тұрғын үйді жалға алуға (жалдауға) және коммуналдық шығындарды өтеуге 89 адамға субсидия берілді;
  22. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету-1 адам;
  23. Арнаулы жүріп - тұру құралдарымен қамтамасыз ету - 8 адам;
  24. Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету-30 адам.

Түпкілікті нәтиже көрсеткіші:

  1. Жұмыссыздық деңгейі – 5,0%;
  2. Жұмысқа қабілетті АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың, жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санынан) – 75,6%;
  3. Гигиеналық құралдармен, бір реттік катетерлермен, техникалық көмекші құралдармен, ымдау тілі маманының қызметтерімен (гигиеналық құралдарға, бір реттік катетерлерге, техникалық көмекші құралдарға, ымдау тілі маманының қызметтеріне мұқтаж мүгедектердің жоспарланған санынан) қамтамасыз етілген мүгедектердің үлес салмағы - 100%;
  4. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің табысын арттыру. Әлеуметтік жұмысқа жоғары білікті қызметкерлерді тарту, кадрлардың тұрақтамауын жою. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша төлемдерді қамтамасыз ету – 100%;
  5. Біржолғы материалдық көмекті уақытылы төлеуді қамтамасыз ету – 100%.

 

 

Басқарма басшысы                                                           А. Қошманов

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы