Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
 
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі-Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
 
Жалпы жұмыспен қамту іс-шараларына 1386 адам қатысты, оның 871-і немесе 62,8% - ы ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады
 
Жоба шеңберінде барлығы 1185 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 361 адам жұмысқа орналастырылды.
 
2022 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушінің өтінімдері бойынша және 500 адамды жұмыс орнынан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған.
 
Жеке ісін ашуға жағдай жасау үшін 750 қатысушыға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.  Бұдан басқа, жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 799,4 млн.теңге сомасына 655 грант беру жоспарлануда.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 96 қатысушыны (жоспарда - 274 адам), жастар тәжірибесіне 19 қатысушыны (жоспарда - 476 адам), қоғамдық жұмыстарға 704 қатысушыны (жоспарда – 2184 адам), «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша 5 адамды (жоспарда - 83 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 730 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.

Қандастар бойынша

2022 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша жалпы саны 12 адаммен 6 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 2 отбасы (3 адам), Өзбекстан Республикасынан 2 отбасы (2 адам), Монғолиядан  – 1 отбасы (1 адам) және Ираннан – 1 отбасы (6 адам) келді.

Қоныс аударған оралмандардың қатарында еңбек жасындағылар 7 адам.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы қандастарды қабылдау квотасы 43 отбасы 129 адамды енгізу жоспарланған.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 ақпандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,2 мың адамды құрады.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мыналар:

  • 1198 отбасындағы 5182 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 56,7 млн. теңге сомасында тағайындалды.
  • 88 отбасына 0,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,6 %-ға немесе 56 отбасына артты (2021 жылғы 01.02. – 32 отбасы). 

51 азаматқа 3,0 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға немесе 7 адамға артты (2021 жылғы 01.02. – 44 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

359 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 31 кресло-арба сатып алынды;

400  сурдо-техникалық құрал,  11 құрал сатып алынды;

436 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 43 құрал сатып алынды;

1144 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 63  құрал сатып алынды.

6 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2323 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 210 іс-шара орындалды.

311 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

 

Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 256 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 482 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 323  МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 159 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

 

Дата публикации
11 февраля 2022
Дата обновления
11 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы