Қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарма ғимаратының бірінші қабатында мемлекеттік қызметтерді алу үшін ConnectionPoint бұрышы жабдықталды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында 44 қызмет түрі, оның ішінде 24-і орталық деңгейде, 20-сы жергілікті деңгейде көрсетіледі.
Басқарма 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
- «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» - «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» – «Е-лицензиялау» арқылы;
- «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» – «Е-лицензиялау» арқылы;
- «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» - Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылдың 12 айы ішінде 413 мемлекеттік қызмет (тиісінше 93, 5, 0, 315)көрсетілді.
Анықтама: 2020 жылы Басқарма 80 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 75 – сі оралман мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша болса, 5-уі жұмыс берушілерге ШЖК тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту бойынша.
Мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетіледі, мерзімдері бұзылған емес, шағымдар түскен жоқ.
Халыққа қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында 2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы толық көлемде іске қосылды, ол мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, тауарды немесе қызметті өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл үрдістің ашық түрде өтуін қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге, сондай-ақ сатып алынатын қаражаттың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
2021 жылдан бастап қызметтер мен құралдармен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ғана жүргізіледі, 2021 жылдың «ә айы ішінде Портал арқылы қамтамасыз ету 89,6% - ды немесе 9,6 мың тапсырысты құрады.
Анықтама: жалпы алғанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету 82%-ды құрады
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және уақытылы ден қою мақсатында Басқармада 46-56-48 «Сенім телефоны» жұмыс істейді, оның нөмірі ай сайын облыстық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланып тұрады. Қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне, әрекетсіздігіне және өзге де теріс қылықтарына шағым жасалған қоңыраулар келіп түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде жыл сайын «Жалпыға ортақ құқықтық оқытулар» өткізу жөніндегі жұмыс жоспары әзірленіп, бекітіледі. Сабақтар тұрақты негізде, оның ішінде онлайн форматта өткізіледі. Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бейнероликтерін тамашаланады.
Нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық қайшылықтарды анықтау мақсатында ай сайынғы негізде құқықтық мониторинг жүргізіледі. Құқықтық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар уақытылы енгізіледі.
4. Басқарма қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мәніне, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мүдделер қақтығысын сақтауына тоқсан сайынғы негізде мониторинг жүргізіледі. 2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Басқарма қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ӘҚБтК 73-1, 73-2, 434, 440, 441, 608, 613-баптарында көзделген (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын бұзу және мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіру)жауапкершіліктерге тарту фактілері анықталған жоқ.
2021 жылдың басынан бері тәртіптік жауапкершілікке 2 қызметкер (анықтама ретінде: 2020 жылы-9 қызметкер) тартылды, қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау фактісін растауына байланысты жаза қызметтік тергеу жүргізбей-ақ қолданылды.
5. 2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша «Б» корпусының 9 бос лауазымы бар, ағымдағы жылдың басынан бері 8 адам жұмыстан босатылды. Осылайша, рұқсат етілген нормасы 7% (5 адам) болғанда, таза ауысымдылық 11,6%-ды құрады. «Демалыс сұхбаттарының» деректеріне сәйкес кадрлардың ауысуының негізгі себебі жеке сектордағы жұмысқа ауысу, жұмыс көлемінің артуы және жалақының төмендігі болып табылады, осылайша кадрлардың «командалық ауысуы» шартта көзделмеген (Анықтама: жұмыс көлемінің артуы COVID-19 коронавирустық инфекциясына байланысты тұрақсыз жағдайға және кейіннен карантиндік және шектеу шараларын енгізуге байланысты, нәтижесінде әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша өтініштер санының күрт өсуіне әкелді)
6. 2021 жылғы сәуір айында қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді (анықтама: 12 құқықтық қайшылық анықталды), орталық атқарушы органдарға анықталған құқықтық коллизиялар туралы, заңнаманы сәйкестендіру туралы ұсыныстары бар тиісті хаттар жіберілді.
Сондай-ақ, 2021 жылғы сәуір айында агенттік қызметкерлері Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді (анықтама: 12 құқықтық қайшылық анықталды), орталық атқарушы органдарға тиісті хаттар жіберілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша іс-шаралар жоспары толық көлемде орындалды.
7. 2021 жылғы наурыз айында барлық ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оның алдын алудың тиімді құралдарының бірі болып табылады, сонымен қатар ұзақ жоспарлы енгізуді талап ететін күрделі әрі кешенді жоба болып табылады. Осыған байланысты, МӘМ-де тиісті жұмыстар жүргізуді талап ететін жұмыс жоспарлары әзірленді.