2021 жылғы 12 ай ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не 93 өтініш (өткен жылдың ұқсас кезеңі-1189 өтініш, 1096 өтінішке азайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 59 (2020 ж. - 1059) өтініш, заңды тұлғалардан – 34 (2020 ж. – 130) өтініш. Өтініштердің түрлері бойынша - 63 өтініш (2020 -1143), 7 шағым (2020-9), басқасы - 23 (2020-37) келіп түсті және тіркелді.
Өтініштердің көбі мынадай мәселелер бойынша қаралды:
– халықтың көші-қоны - 26, бұл өтініштердің жалпы санының 28% құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде - 14 өтініш қаралды;
- әлеуметтік қамсыздандыру – 26, бұл өтініштердің жалпы санының 28% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1071 азайған;
- еңбек және халықты жұмыспен қамту – 16, бұл өтініштердің жалпы санының 17,2% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 10-ға азайған;
– мүгедектерді оңалту - 11, бұл өтініштердің жалпы санының 11,8% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 8-ке азайған;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі – 4,бұл өтініштердің жалпы санының 4,3% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 5-ке азайған;
– өзге мәселелер - 10, бұл өтініштердің жалпы санының 10,7% - ын құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде - 24 өтініш қаралды.
85 өтініш бірінші рет келіп түскен, қайталанған өтініштер (телнұсқалар) саны – 8 (2020 ж. – 29).
Есепті кезеңде: 45-не түсініктеме берілді, 24-і қанағаттандырылды, 15-і қайта жіберілді, 9-ы тоқтатылды.
Жеке қабылдауда 6 азамат болды (2020 ж.-15), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 9-ға азайды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы Басқармаға 51 өтініш (2020 ж. – 1127) түсті.
Басқармада өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.