Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға 20033 адам қатысты, оның ішінде 14006 адам немесе 70 % - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Бағдарлама шеңберінде барлығы 16822 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 11773 адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 426 қатысушы оқыға кірісті. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 424 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 303 адам немесе 71 % жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 327 несие беру жоспарлануда. 2022 жылғы 01.01. 3,0 млрд.теңге сомасына 588 несие берілді. оның ішінде ағымдағы жылдың қаражаты есебінен 1,8 млрд. тг. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 880 қатысушы (жоспарда – 750 адам) оқуын аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 680,7 млн.теңге сомасына 1214 грант берілді.
Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 517 қатысушы (жоспар – 472 адам) жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 439 қатысушы (жоспарда -430 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 4009 қатысушы (жоспарда - 3943 адам), алғашқы жұмыс орнына 70 адам (жоспарда – 34 адам), келісімшарт бойынша 15 қатысушы (жоспарда - 14 адам) жіберілді.
Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру үшін 2021 жылы облыс бойынша бөлінген 3 911 477 мың теңге лимит шегінде 174 жұмыс орнын құра отырып, 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8 жоба бойынша конкурстық рәсімдер жарияланды.
8 жобада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, 174 жұмыс орны құрылды, оларға Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша Бағдарламаның 99 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.
Бұдан басқа, жобалар аяқталғаннан кейін және оларды іске қосқаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 806 отбасын (2943 адам) қабылдау жоспарланған.
2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2943 адам бар 784 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 596,3 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 224,3 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.
Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 207 отбасы (696 адам), Түркістан облысынан – 216 отбасы (854 адам), Алматы облысынан - 102 отбасы (416 адам), Шымкент қ. – 84 отбасы (345 адам), Жамбыл –72 отбасы (258 адам), Қызылорда облысынан – 50 отбасы (185 адам), Алматы қ. – 28 отбасы (92 адам) және Маңғыстау облысынан – 25 (97 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.
Келген 2943 адамның арасынан 1316 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 720 адам жұмысқа орналастырылды, 215 адам өз ісімен айналасады, 1449 бала, 88 зейнеткер және 90 студент көшіп келді.
Қандастар бойынша
2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы саны 106 адаммен 56 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 24 отбасы (45 адам), ҚХР – 7 отбасы (10 адам), Монғолиядан – 3 отбасы (5 адам), Ресей Федерациясынан – 9 отбасы (13 адам) және Ираннан – 13 отбасы (33 адам) келді.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 32 отбасы (65 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 13,3 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 13,5 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.
Квотаға енгізілген 65 адамның арасынан: 28 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 қантардағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 10,3 мың адамды құрады.
2022 жылғы 1 қантарға жағдай бойынша мыналар:
- 2470 отбасындағы 10326 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 704,9 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 420 отбасына 6,3 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға немесе 147 отбасына төмендеді (2021 жылғы 01.01. – 567 отбасы).
19676 азаматқа 669,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға немесе 1152 адамға төмендеді (2021 жылғы 01.01. – 20828 адам).
Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
367 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 368 кресло-арба сатып алынды;
381 сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарланып, 381құрал сатып алынды;
378 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 378 құрал сатып алынды;
1862 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1862 құрал сатып алынды.
1 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Nеurelеk сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2537 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 2537 іс-шара орындалды.
675 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 674 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1712 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 910 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 706 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 204 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.