Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2022 жылға жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау қағидаларына 1-қосымшаНысан
   

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2022 жылға жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

ЖБ – 10 000,0

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы

Аға буын азаматтары

243 адамды қамту

2

Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша орталық ашу

ЖБ – 11 300,0

Мүгедек адамдардың жеке қабілеттері мен дағдыларын ескере отырып, оларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс іздеуге психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, жәрдемдесу және сүйемелдеу, сондай-ақ оқыту және қайта оқыту.

Мүгедек адамдар

Облыста мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Ай сайын мүгедектігі бар адамдар қатарынан 55 адамға консультациялық қызметтер көрсету. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына кәсіби оқыту курстары мен семинар-тренингтерді табысты аяқтаған адамдар қатарынан мүгедек 21 адамды тарту.

3

«Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығының қызметін жүзеге асыру

ЖБ - 5 856,0

Мемлекет басшысының әр өңірде отбасы институтын қолдау орталықтарын құру қажеттілігі туралы (Прездент баспасөз қызметінің 2019 ж. 01.11. хабарламасы) мәлімдемесі

Аз қамтылған отбасылар (жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен) 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударған отбасылар

Азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық ағарту, оларды қоғам өміріне жан-жақты тарту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдардың өміріне деген көзқарасты өзгертуге ықпал ету, өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін қажетті құзыреттер мен білімді қалыптастыру

4

Елдің жұмыс күші артық өңірлерінен қандастар мен азаматтарды қабылдау жөніндегі ақпараттық-консультативтік орталық

ЖБ - 14 471,0

Елдің жұмыс күші артық өңірлерінен қандастар мен азаматтарды қабылдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру, әртүрлі қызметтерді алу, сондай-ақ келгеннен кейін қолда бар мамандықтар бойынша қоныс аудару және жұмыс алу мүмкіндіктері бойынша консультациялар көрсету. СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Еңбек күші артық өңірлердің еңбекке қабілетті азаматтары

Жобаны іске асыру мерзімінде 1000 адамды қамту

5

Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

РБ – 4 390,0

Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Адам саудасының құрбандары

Мұқтаж адамдар контингентін анықтау кезінде 3 адамды қамту

6

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

ЖБ – 28 765,0

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары

20 адамды қамту

 

Дата публикации
11 января 2022
Дата обновления
11 января 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы