Меню

Страницы

Статья

Облыста азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына ерікті түрде көшіру бойынша іс-шаралар іске асырылуда

Облыста азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына ерікті түрде көшіру бойынша іс-шаралар іске асырылуда.

2021 жылы облысқа жұмыс күші артық өңірлерден 2884 адам немесе 767 отбасы қоныс аударды, оларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды.

Отбасыларды елді мекендерге орналастыру елді мекеннің әлеуетін, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін, оның ішінде егіншілікпен, мал шаруашылығымен немесе жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігін, тұрғын үймен қамтамасыз етуді, қоныс аударушылардың балаларын мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі орындармен қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізіледі.

Еңбекке қабілетті 1290 адамның 805-і жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етілген. 126 адам әлеуметтік демалыста.

Сонымен қатар, келгендердің 84-і зейнеткер, 295-і студент және 1420-сы бала.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс өкілдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері мен халықпен кездесулерге қатысу үшін жұмыс күші артық өңірлерге сапарға шығады.  

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде («Рух тіл Жаңғыру» ҮЕҰ) ақпараттық-консультативтік орталық ашылды, онда әртүрлі қызметтерді алу бойынша консультациялар беріледі, сондай-ақ көшу және келгеннен кейін қолда бар мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін пайдалану үшін «жедел желі» жұмыс істейді.

Дата публикации
13 декабря 2021
Дата обновления
13 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы