2021 жылғы 11 ай ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не 90 өтініш (өткен жылдың ұқсас кезеңі-1179 өтініш, 1089 өтінішке азайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 57 (2020 ж. - 1056) өтініш, заңды тұлғалардан – 33 (2020 ж. – 123) өтініш. Өтініштердің түрлері бойынша - 60 өтініш (2020 -1141), 7 шағым (2020-9), басқасы - 23 (2020-29) келіп түсті және тіркелді.
Өтініштердің көбі мынадай мәселелер бойынша қаралды:
– халықтың көші-қоны - 26, бұл өтініштердің жалпы санының 28,9% құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде - 13 өтініш қаралды;
- әлеуметтік қамсыздандыру – 26, бұл өтініштердің жалпы санының 28,9% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1069 азайған;
- еңбек және халықты жұмыспен қамту – 16, бұл өтініштердің жалпы санының 17,8% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 7 азайған;
– мүгедектерді оңалту - 10, бұл өтініштердің жалпы санының 11,1% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 5-ке азайған;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі – 4,бұл өтініштердің жалпы санының 4,4% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 5-ке азайған;
– өзге мәселелер - 8, бұл өтініштердің жалпы санының 8,9% - ын құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде - 24 өтініш қаралды.
82 өтініш бірінші рет келіп түскен, қайталанған өтініштер (телнұсқалар) саны – 8 (2020 ж. – 29).
Есепті кезеңде: 44-не түсініктеме берілді, 23-і қанағаттандырылды, 13-і қайта жіберілді, 9-ы тоқтатылды, 1 уі - есепті кезеңнің соңындағы қалдық.
Жеке қабылдауда 6 азамат болды (2020 ж.-15), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 9-ға азайды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы Басқармаға 49 өтініш (2020 ж. – 1120) түсті.
Басқармада өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.