Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарламаға 19324 адам қатысты, оның ішінде 13531 адам немесе 70 % - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 15974 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 10994 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 426 қатысушы оқыға кірісті. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 424 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 302 адам немесе 71 % жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 327 несие беру жоспарлануда. 2021 жылғы 01.12. 2,9 млрд.теңге сомасына 576  несие берілді. оның ішінде ағымдағы жылдың қаражаты есебінен 1,8 млрд. тг. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 879 қатысушы (жоспарда – 750 адам) оқуын аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 580,7 млн.теңге сомасына 1022 грант берілді.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»  үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 517 қатысушы (жоспар – 472 адам) жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 437 қатысушы (жоспарда -430 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 3942 қатысушы (жоспарда - 3943 адам), алғашқы жұмыс орнына 70 адам (жоспарда – 34 адам), келісімшарт бойынша 14 қатысушы (жоспарда - 14 адам) жіберілді.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру үшін 2021 жылы облыс бойынша бөлінген 3 911 477 мың теңге лимит шегінде 174 жұмыс орнын құра отырып, 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 8 жоба бойынша конкурстық рәсімдер жарияланды.

8 жобада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 134 жұмыс орны құрылды, оларға жолдама бойынша Бағдарламаның 73 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалар аяқталғаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 806 отбасын (2943 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 желтоқсандағы  жағдай бойынша 2884  адам бар 767 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 552,2 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 210,5 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 204 отбасы (689 адам),  Түркістан облысынан – 214 отбасы (843 адам),  Алматы облысынан  - 99 отбасы (405 адам), Шымкент қ. – 81 отбасы  (332 адам), Жамбыл – 69 отбасы (254 адам), Қызылорда облысынан  – 51 отбасы (186 адам), Алматы қ. – 26 отбасы (86 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 23 (89 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 2884 адамның арасынан 1290 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 617 адам  жұмысқа орналастырылды, 188 адам өз ісімен айналасады, 1420 бала, 84 зейнеткер және  90 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2021 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы саны 97 адаммен 51 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 22 отбасы (42 адам), ҚХР – 7 отбасы (10 адам), Монғолиядан – 3 отбасы (5 адам), Ресей Федерациясынан – 7 отбасы (10 адам) және Ираннан – 12 отбасы (30 адам) келді.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 32 отбасы (62 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 12,7 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 11,8 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Квотаға енгізілген 62 адамның арасынан: 27 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 желтоқсандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 10,3 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мыналар:

- 2399 отбасындағы 10067 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 589,4 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 415 отбасына 5,6 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  26,2%-ға немесе 147 отбасына төмендеді (2020 жылғы 01.12. – 562 отбасы).  

19566 азаматқа 654,1 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға немесе 1218 адамға төмендеді (2020 жылғы 01.12. – 20784 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы  жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

367 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 361 кресло-арба сатып алынды;

381  сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарланып, 381 құрал сатып алынды;

378 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 374 құрал сатып алынды;

1862 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1729  құрал сатып алынды.

1 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Nеurelеk сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2537 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 2420 іс-шара орындалды.

675 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 645 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1712 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 905 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 702 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 203 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
02 декабря 2021
Дата обновления
02 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы