Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Бағдарламаға 18380 адам қатысты, оның ішінде 12782 адам немесе 70 % - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 15301 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 10506 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 426 қатысушы оқыға кірісті. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 424 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 299 адам немесе 71 % жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 327 несие беру жоспарлануда. 2021 жылғы 01.11. 2,3 млрд.теңге сомасына 452  несие берілді. оның ішінде ағымдағы жылдың қаражаты есебінен 1,3 млрд. тг. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 850 қатысушы (жоспарда – 750 адам) оқуын аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 456,8 млн.теңге сомасына 843 грант берілді.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»  үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 516 қатысушы (жоспар – 481 адам) жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 435 қатысушы (жоспарда -425 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 3761 қатысушы (жоспарда - 4461 адам), алғашқы жұмыс орнына 69 адам (жоспарда – 34 адам), келісімшарт бойынша 14 қатысушы (жоспарда - 14 адам) жіберілді.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру үшін 2021 жылы облыс бойынша бөлінген 3 911 477 мың теңге лимит шегінде 174 жұмыс орнын құра отырып, 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 8 жоба бойынша конкурстық рәсімдер жарияланды.

8 жобада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 104 жұмыс орны құрылды, оларға жолдама бойынша Бағдарламаның 61 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалар аяқталғаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 674 отбасын (2347 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 қарашадағы  жағдай бойынша 2347  адам бар 613 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 440,0 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 198,1 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 186 отбасы (622 адам),  Түркістан облысынан – 159 отбасы (663 адам),  Алматы облысынан  - 77 отбасы (311 адам), Шымкент қ. – 59 отбасы  (265 адам), Жамбыл – 60 отбасы (221 адам), Қызылорда облысынан  – 37 отбасы (144 адам), Алматы қ. – 22 отбасы (68 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 13 (53 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 2347 адамның арасынан 1035 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 527 адам  жұмысқа орналастырылды, 186 адам өз ісімен айналасады, 1167 бала, 69 зейнеткер және  76 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2021 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша жалпы саны 78 адаммен 39 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 18 отбасы (35 адам), ҚХР – 1 отбасы (1 адам), Монғолиядан – 3 отбасы (5 адам), Ресей Федерациясынан – 6 отбасы (8 адам) және Ираннан – 11 отбасы (29 адам) келді.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 32 отбасы (62 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 12,7 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 10,1  млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Квотаға енгізілген 62 адамның арасынан: 27 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 қарашадағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 9,8 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мыналар:

- 2268 отбасындағы 9446 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 531,9 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 378 отбасына 4,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2%-ға немесе 172 отбасына төмендеді (2020 жылғы 01.11. – 550 отбасы).  

19292 азаматқа 635,5 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға немесе 1385 адамға төмендеді (2020 жылғы 01.11. – 20677 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

332 (340 кресло-арба сатып алынды) мүгедектер арбасын алу жоспарлануда;

381 (359  құрал сатып алынды) сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарлануда;

380 (420 құрал сатып алынды) тифло-техникалық құрал сатыр алу жоспарлануда;

1800 (1451  құрал сатып алынды) протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.

1 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Nеurelеk сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

640 (547 адам қамтамасыз етілді) адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 1662 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 891 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 689 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 202 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

        

Дата публикации
01 ноября 2021
Дата обновления
01 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы