2021 жылғы 10 ай ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не 82 өтініш (өткен жылдың ұқсас кезеңі-1168 өтініш, 1086 өтінішке азайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 54 (2020 ж. - 1050) өтініш, заңды тұлғалардан – 28 (2020 ж. – 118) өтініш. Өтініштердің түрлері бойынша - 52 өтініш (2020 -1136), 7 шағым (2020-6), басқасы - 23 (2020-26) келіп түсті және тіркелді.
Өтініштердің көбі мынадай мәселелер бойынша қаралды:
– халықтың көші-қоны - 26, бұл өтініштердің жалпы санының 31,7% құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде - 12 өтініш қаралды;
- әлеуметтік қамсыздандыру – 21, бұл өтініштердің жалпы санының 25,6% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1072 азайған;
- еңбек және халықты жұмыспен қамту – 16, бұл өтініштердің жалпы санының 19,5% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 5 азайған;
– мүгедектерді оңалту - 10, бұл өтініштердің жалпы санының 12,2% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 3-ке азайған;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі – 4,бұл өтініштердің жалпы санының 4,9% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 2-ге азайған;
– өзге мәселелер - 5, бұл өтініштердің жалпы санының 6,1% - ын құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде - 23 өтініш қаралды.
75 өтініш бірінші рет келіп түскен, қайталанған өтініштер (телнұсқалар) саны – 7 (2020 ж. – 28).
Есепті кезеңде: 42-не түсініктеме берілді, 20-сы қанағаттандырылды, 10-ы қайта жіберілді, 9-ы тоқтатылды, 1 уі - есепті кезеңнің соңындағы қалдық.
Жеке қабылдауда 6 азамат болды (2020 ж.-15), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 9-ға азайды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы Басқармаға 40 өтініш (2020 ж. – 1115) түсті.
Басқармада өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.