Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсету Басқарма жұмысының негізгі бағыттары болып табылады.
Сондай-ақ, Басқарма 9 ведомстволық бағынысты мекеменің (8 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Мүгедектерді оңалту орталығы) қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мынадай жұмыстар жүргізіледі:
Басқарманың және ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің фойесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған көрнекі ақпараты бар стендтер, кітапшалар мен парақшалар орнатылған.
Басқарманың ресми интернет-ресурсында ақпарат, материалдар, бейнероликтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен іс-шаралар жоспарлары жарияланды.
Әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook) парақшаларында халықты жұмыспен қамту және халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау саласында қабылданған шаралар, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың негізгі бағыттары, ашық бюджет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттандыру мақсатында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Е-Қаржымині» ықпалдастырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде шоғырландырылған қаржылық есептілік, дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы есептер, сондай-ақ ашық бюджеттердің интерактивті картасында ұстауға арналған бюджеттер тұрақты негізде жарияланып отырады.
Қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарма ғимаратының бірінші қабатында мемлекеттік қызметтерді алу үшін ConnectionPoint бұрышы жабдықталды.
Басқарма 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
- «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» - «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» – «Е-лицензиялау» арқылы;
- «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» – «Е-лицензиялау» арқылы;
- «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» - Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылдың 9 айы ішінде 150 мемлекеттік қызмет (тиісінше 56, 4, 0, 90) көрсетілді.
Анықтама: 2020 жылы Басқарма 80 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 75 – сі оралман мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша болса, 5-уі жұмыс берушілерге ШЖК тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту бойынша.
Мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетіледі, мерзімдері бұзылған емес, шағымдар түскен жоқ.
Халыққа қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында 2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы толық көлемде іске қосылды, ол мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, тауарды немесе қызметті өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл үрдістің ашық түрде өтуін қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге, сондай-ақ сатып алынатын қаражаттың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
2021 жылдан бастап қызметтер мен құралдармен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ғана жүргізіледі, 2021 жылдың 9 айы ішінде Портал арқылы қамтамасыз ету 71% - ды немесе 7,4 мың тапсырысты құрады.
Анықтама: жалпы алғанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету 82%-ды құрады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде жыл сайын «Жалпыға ортақ құқықтық оқытулар» өткізу жөніндегі жұмыс жоспары әзірленіп, бекітіледі. Сабақтар тұрақты негізде, оның ішінде онлайн форматта өткізіледі. Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бейнероликтерін тамашаланады.
Нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық қайшылықтарды анықтау мақсатында ай сайынғы негізде құқықтық мониторинг жүргізіледі. Құқықтық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар уақытылы енгізіледі.
2021 жылдың басынан бері тәртіптік жауапкершілікке 1 қызметкер (анықтама ретінде: 2020 жылы-9 қызметкер) тартылды, қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау фактісін растауына байланысты жаза қызметтік тергеу жүргізбей-ақ қолданылды.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді (анықтама: 12 құқықтық қайшылық анықталды), орталық атқарушы органдарға анықталған құқықтық коллизиялар туралы, заңнаманы сәйкестендіру туралы ұсыныстары бар тиісті хаттар жіберілді.
Сондай-ақ, 2021 жылғы сәуір айында агенттік қызметкерлері Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді (анықтама: 12 құқықтық қайшылық анықталды), орталық атқарушы органдарға тиісті хаттар жіберілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша іс-шаралар жоспары толық көлемде орындалды.