Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Бағдарламаға 17 391 адам қатысты, оның ішінде 11 990 адам немесе 68,9% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 14 447 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 9 811 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 426 қатысушы оқуға кірісті. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды 424 адам аяқтады, оның ішінде 296 адам немесе 70% - ы жұмысқа орналастырылды. 

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 327 несие беру жоспарлануда.  2021 жылғы 01.10. жағдай бойынша 2,3 млрд.теңге, оның ішінде ағымдағы жылдың қаражаты есебінен 1259,9 млн.тг. сомасына 447 несие мақұлданды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды 831 қатысушы (жоспарда - 750) аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 433,3 млн.теңге сомасына 752 грант берілді.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 505 қатысушы (жоспарда – 421 адам) жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесінен өтуге 431 қатысушы (жоспарда - 376), қоғамдық жұмыстарға 3618 қатысушы (жоспарда - 3054 адам), алғашқы жұмыс орнына 68 адам (жоспарда – 34 адам), келісімшарт бойынша 14 қатысушы (жоспарда - 15 адам) жіберілді.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру үшін 2021 жылы облыс бойынша бөлінген 3,9 млрд. теңге лимит шегінде 164 жұмыс орнын құра отырып, 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды.

6 жобада құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 89 жұмыс орны құрылды, оларға жолдама бойынша Бағдарламаның 48 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалар аяқталғаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 674 отбасын (2347 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 2347  адам бар 613 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 401,4 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 181,8 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 181 отбасы (608 адам),  Түркістан облысынан – 160 отбасы (659 адам),  Алматы облысынан  - 76 отбасы (309 адам), Шымкент қ. – 62 отбасы  (280 адам), Жамбыл – 59 отбасы (214 адам), Қызылорда облысынан  – 39 отбасы (150 адам), Алматы қ. – 23 отбасы (74 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 13 (53 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 2347 адамның арасынан 1026 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 374 адам  жұмысқа орналастырылды, 122 адам өз ісімен айналасады, 1195 бала, 67 зейнеткер және  59 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2021 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы саны 71 адам мен 36 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 16 отбасы (30 адам), ҚХР – 1 отбасы (1 адам), Монғолиядан – 3 отбасы (5 адам), Ресей Федерациясынан – 6 отбасы (8 адам) және Ираннан – 10 отбасы (27 адам) келді.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 32 отбасы (62 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 12,7 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 8,4  млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Квотаға енгізілген 62 адамның арасынан: 27 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.

 Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 қазандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 9,2 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мыналар:

- 2205 отбасындағы 9162 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 482,6 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 374 отбасына 4,3 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға немесе 166 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.10. – 540 отбасы).  

19008 азаматқа 622,0 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға немесе 1569 адамға төмендеді (2020 жылғы 1.10. – 20577 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

332 (291 кресло-арба сатып алынды) мүгедектер арбасын алу жоспарлануда;

389 (324  құрал сатып алынды) сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарлануда;

400 (395 құрал сатып алынды) тифло-техникалық құрал сатыр алу жоспарлануда;

1800 (1105  құрал сатып алынды) протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.

4 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

657 (426 адам қамтамасыз етілді) адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1632 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 868 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 666 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 202 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

        

Дата публикации
14 октября 2021
Дата обновления
14 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы