2021 жылғы 9 ай ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не 70 өтініш (өткен жылдың ұқсас кезеңі-1164 өтініш, 1094 өтінішке азайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 47 (2020 ж. - 1048) өтініш, заңды тұлғалардан – 23 (2020 ж. – 116) өтініш, өтініштердің түрлері бойынша - 44 өтініш (2020 -1132), 5 шағым (2020-6), басқасы - 21 (2020-26) келіп түсті және тіркелді.
Өтініштердің көбі мынадай мәселелер бойынша қаралды:
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру – 36, бұл өтініштердің жалпы санының 51,4% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1080 азайған;
– халықтың көші-қоны - 18, бұл өтініштердің жалпы санының 25,7% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңде - 12 өтініш қаралды;
– мүгедектерді оңалту - 9, бұл өтініштердің жалпы санының 12,9% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 3-ке артты;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі–3,бұл өтініштердің жалпы санының 4,3% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 3-ке азайған;
– өзге мәселелер - 4, бұл өтініштердің жалпы санының 5,7% - ын құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде-18 өтініш қаралды.
64 өтініш бірінші рет келіп түскен, қайталанған өтініштер (телнұсқалар) саны – 6 (2020 ж. – 28).
Есепті кезеңде: 38-не түсініктеме берілді, 15-сі қанағаттандырылды, 8-і қайта жіберілді, тоқтатылды – 7, 2 - есепті кезеңнің соңындағы қалдық.
Жеке қабылдауда 4 азамат қабылданды (2020 ж.-14), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 10-ға азайды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы Басқармаға 37 өтініш (2020 ж. – 1113) түсті.
Басқармада өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.