Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Бағдарламаға 15015 адам қатысты, оның ішінде 10554 адам немесе 70,3% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 12854 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 8378 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 426 қатысушы оқыға кірісті. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 424 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 269 адам немесе 63,4% жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 327 несие беру жоспарлануда. 2021 жылғы 01.09. 1,9 млрд.теңге сомасына 401 несие берілді. оның ішінде ағымдағы жылдың қаражаты есебінен 1012,9 млн. тг. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 802 қатысушы (жоспарда – 750 адам) оқуын аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 404,3 млн.теңге сомасына 701 грант берілді.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»  үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 500 қатысушы (жоспар – 421 адам) жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 409 қатысушы (жоспарда - 376 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 3495 қатысушы (жоспарда - 3054 адам), алғашқы жұмыс орнына 62 адам (жоспарда – 34 адам), келісімшарт бойынша 9 қатысушы (жоспарда - 15 адам) жіберілді.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру үшін 2021 жылы облыс бойынша бөлінген 3,9 млн. теңге лимит шегінде 164 жұмыс орнын құра отырып, 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

6 жобада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 75 жұмыс орны құрылды, оларға жолдама бойынша Бағдарламаның 43 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалар аяқталғаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 674 отбасын (2347 адам) қабылдау жоспарланған.

Қоныс аудару жөніндегі іс - шараларға республикалық бюджеттен – 691,7 млн.теңге, оның ішінде көшуге арналған субсидиялар төлеуге 252,9 млн. теңге, тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеуге 353,5 млн. теңге, жұмыс берушілерге субсидиялар төлеуге 85,3 млн. теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі  жағдай бойынша облысқа 563 отбасы, 2150 адам көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді.

Осы отбасылар Нұр-сұлтан қаласынан – 171 отбасы (560 адам), Түркістан облысынан - 158 отбасы (669 адам), Алматы облысынан – 71 отбасы (302 адам), Шымкент қаласынан – 52 отбасы (227 адам), Жамбыл облысынан – 52 отбасы (185 адам), Қызылорда облысынан - 32 отбасы (119 адам), Алматы қаласынан - 17 отбасы (50 адам), Маңғыстау облысынан - 10 отбасы (38 адам)қоныс аударды және облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 2150 адамның ішінен 931-і еңбекке жарамды жастағы адамдар (оның 374-і тұрақты жұмыс орындарына, 122-сі еркін таңдаған жұмыспен қамтылды),  1093-і бала, 59-ы студент және  67-сі  зейнеткер болып табылады.

Қандастар бойынша

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қандастарды қабылдау квотасына 32 отбасы (62 адам) енгізілді. 62 қандастың 27 – сі еңбекке қабілетті жаста, оның 2 – уі жоғары білімді және 25 – сі орта білімді, 20 – сы бала, 14 - і студент, 1-уі зейнеткер.

Отбасылар Қытай Халық Республикасынан - 24 отбасы (52 адам), Моңғолиядан – 3 отбасы (5 адам), Өзбекстан Республикасынан – 3 отбасы ( 3 адам), Ресей Федерациясынан -2 отбасы (2 адам) келді.

Жыл басынан бастап қандас мәртебесін 20 отбасы (32 адам) алды, оның ішінде 22 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 қыркүйектегі аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 9,1 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мыналар:

- 2151 отбасындағы 8890 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 379,8 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 373 отбасына 4,3 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға немесе 167 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.09. – 540 отбасы). 

18410 азаматқа 602,4 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға немесе 2418 адамға төмендеді (2020 жылғы 1.09. – 20828 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

370 (255 кресло-арба сатып алынды) мүгедектер арбасын алу жоспарлануда;

300 (282  құрал сатып алынды) сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарлануда;

522 (344 құрал сатып алынды) тифло-техникалық құрал сатыр алу жоспарлануда;

1112 (810 құрал сатып алынды) протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.

4 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

849 (268 адам қамтамасыз етілді) адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1582 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 837 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 635 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 202 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
14 сентября 2021
Дата обновления
14 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы