2021 жылғы 8 ай ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не 61 өтініш (өткен жылдың ұқсас кезеңі-1152 өтініш, 1091 өтінішке азайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 39 (2020 ж. - 1045) өтініш, заңды тұлғалардан – 22 (2020 ж. – 107) өтініш, өтініштердің түрлері бойынша - 38 өтініш (2020 -1123), 4 шағым (2020-5), басқасы -19 (2020-24) келіп түсті және тіркелді.
Өтініштердің көбі мынадай мәселелер бойынша қаралды:
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру – 30, бұл өтініштердің жалпы санының 49,2% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1081 азайған;
– халықтың көші-қоны - 15, бұл өтініштердің жалпы санының 24,6% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңде - 12 өтініш қаралды;
– мүгедектерді оңалту - 9, бұл өтініштердің жалпы санының 14,8% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1-ге артты;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі–3,бұл өтініштердің жалпы санының 4,9% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 2-ге азайған;
– өзге мәселелер - 4, бұл өтініштердің жалпы санының 6,5% - ын құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде-18 өтініш қаралды.
57 өтініш бірінші рет келіп түскен, қайталанған өтініштер (телнұсқалар) саны – 4 (2020 ж. – 25).
Есепті кезеңде: 36-сына түсініктеме берілді, 12-сі қанағаттандырылды, 6-уы қайта жіберілді, тоқтатылды – 5, 2 - есепті кезеңнің соңындағы қалдық.
Жеке қабылдауда 4 азамат қабылданды (2020 ж.-14), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 10-ға азайды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы Басқармаға 36 өтініш (2020 ж. – 1104) түсті.
Басқармада өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.