Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамту бойынша

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде 2021 жылдың 1 тамыздағы    жағдай бойынша облыста  20872 адам жұмысқа орналастырылды. 8934 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, Бағдарламаға 13488 адам қатысты, оның ішінде 9641 адам немесе 72% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 10701 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 7329 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту жоспарланды. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 515 адам (жоспар-500 адам) жіберілді. Оқуды 418 адам аяқтады, оның ішінде 218 адам немесе 52%-ы жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  екінші бағыты бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 327 несие беру жоспарланып отыр. 2021 жылғы 1.08. жағдай бойынша 1,3 млрд.теңге сомасына, оның ішінде ағымдағы жылдың қаражаты есебінен 451,3 млн.теңге сомасына 268 несие берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 824 қатысушы жіберілді, оның ішінде 682 қатысушы (жоспар-750) оқуын аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 401 млн.теңге сомасына 696 грант берілді.

Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдігі және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 487 қатысушы (жоспар бойынша – 421 адам) еңбекке орналасты, жастар практикасына 343 қатысушы (жоспар бойынша - 376 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 3299 қатысушы (жоспар бойынша - 3054 адам), Алғашқы жұмыс орнына 54 адам (жоспар 34 адам), келісімшарт бойынша 9 қатысушы (жоспар 15 адам) жіберілді.

2021 жылы облыс бойынша 3 911 477  мың теңге мөлшеріндебөлінген лимит шегінде 164 жұмыс орнын құра отырып, барлығы 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

5 жобада жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 56 жұмыс орны құрылды, оларға Бағдарламаның 30 қатысушысы жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы жобасының аяқталғаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Коңыстандырушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 674 отбасын (2347 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 тамыздағы  жағдай бойынша 1643  адам бар 455 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 144,25 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 125,2 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 152 отбасы (480 адам),  Түркістан облысынан – 106 отбасы (411 адам),  Алматы облысынан  - 67 отбасы (269 адам), Шымкент қ. – 37 отбасы  (161 адам), Жамбыл – 49 отбасы (173 адам), Қызылорда облысынан  – 26 отбасы (98 адам), Алматы қ. – 15 отбасы (41 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 3 (10 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 1643 адамның арасынан 742 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 326 адам  жұмысқа орналастырылды, 63 адам өз ісімен айналасады, 799 бала, 58 зейнеткер және  44 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2021 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы саны 32 адаммен 20 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 12 отбасы (20 адам), ҚХР – 1 отбасы (1 адам), Монғолиядан – 3 отбасы (5 адам) және Ресей Федерациясынан – 4 отбасы (6 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 22 адам, соның ішінде: 1 жоғарғы  білімді, 3 арнайы орта білімі бар,  18- орта білімі бар.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 32 отбасы (62 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 12,05 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 5,0  млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Квотаға енгізілген 62 адамның арасынан: 27 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 тамыздағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 8,7 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мыналар:

- 2041 отбасындағы 8565 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 379,8 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 373 отбасына 4,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға немесе 167 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.08. – 540 отбасы). 

- 18074 азаматқа 574,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға немесе 2124 адамға төмендеді (2020 жылғы 1.08. – 20198 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

370 (199 кресло-арба сатып алынды) мүгедектер арбасын алу жоспарлануда;

248 (241  құрал сатып алынды) сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарлануда;

522 (296 құрал сатып алынды) тифло-техникалық құрал сатыр алу жоспарлануда;

1112 (650 құрал сатып алынды) протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.

4 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

849 (256 адам қамтамасыз етілді) адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 1462 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 804 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 604 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 200 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
10 августа 2021
Дата обновления
10 августа 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы