2021 жылғы 7 ай ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не 54 өтініш (өткен жылдың ұқсас кезеңі-1134 өтініш, 1080 өтінішке азайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 34 (2020 ж. - 1034) өтініш, заңды тұлғалардан – 20 (2020 ж. – 100) өтініш, өтініштердің түрлері бойынша - 34 өтініш (2020 -1112), 4 шағым (2020-4), басқасы -16 (2020-18) келіп түсті және тіркелді.
Өтініштердің көбі мынадай мәселелер бойынша қаралды:
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру – 28, бұл өтініштердің жалпы санының 51,9% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1075 азайған;
– халықтың көші-қоны - 12, бұл өтініштердің жалпы санының 22,2% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңде - 10 өтініш қаралды;
– мүгедектерді оңалту - 7, бұл өтініштердің жалпы санының 12,9% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 4-ке артты;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі–3,бұл өтініштердің жалпы санының 5,6% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1-ге азайған;
– өзге мәселелер - 4, бұл өтініштердің жалпы санының 7,4% - ын құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде-17 өтініш қаралды.
50 өтініш бірінші рет келіп түскен, қайталанған өтініштер (телнұсқалар) саны – 4 (2020 ж. – 25).
Есепті кезеңде: 34-не түсініктеме берілді, 9-ы қанағаттандырылды, 5-уі қайта жіберілді, тоқтатылды – 5, 1 - есепті кезеңнің соңындағы қалдық.
Жеке қабылдауда 4 азамат қабылданды (2020 ж.-12), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 8-ге азайды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы Басқармаға 34 өтініш (2020 ж. – 1090) түсті.
Басқармада өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.