Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамту бойынша

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде 2021 жылдың 1 шілдедегі   жағдай бойынша облыста 18400 адам жұмысқа орналастырылды. 7833 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, 1 шілдедегі жағдай бойынша Бағдарламаға 12088 адам қатысты, оның ішінде 8848 адам немесе 73% - ы ауылдық жерлердің тұрғындары.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 10333 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 6569 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту жоспарланған. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 515 адам жіберілді (жоспар-500 адам). Оқуды 219 адам аяқтады, оның ішінде 95 адам немесе 43% жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 327 кредит беру жоспарлануда. 01.07.2021 жылға 1,1 млрд.теңге сомасына 199 кредит берілді. оның ішінде қайта инвестицияланған қаражат есебінен 912,1 млн.теңге. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 726 қатысушы жіберілді, оның ішінде 598 қатысушы оқуын аяқтады (жоспар-750). Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 389,7 млн.теңге сомасына 675 грант берілді.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 477 қатысушы жұмысқа орналастырылды (жоспар – 421 адам), жастар практикасына 177 қатысушы (жоспар-376 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 3071 қатысушы (жоспар - 3054 адам), бірінші жұмыс орнына 32 адам (жоспар – 34 адам), келісімшарт бойынша 7 қатысушы (жоспар-15 адам) жіберілді.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру үшін 2021 жылы облыс бойынша бөлінген 3 911 477 мың теңге лимит шегінде 164 жұмыс орнын құрумен 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Жөндеу жұмыстары 3 жобада жүргізілуде, 16 жұмыс орны құрылды, оларға жолдама бойынша бағдарламаның 15 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалар аяқталғаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

Коңыстандырушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 674 отбасын (2347 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 шілдедегі  жағдай бойынша 1235  адам бар 347 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 144,25 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 125,2 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 121 отбасы (372 адам),  Түркістан облысынан – 81 отбасы (332 адам),  Алматы облысынан  - 47 отбасы (189 адам), Шымкент қ. – 27 отбасы  (123 адам), Жамбыл – 39 отбасы (121 адам), Қызылорда облысынан  – 20 отбасы (61 адам), Алматы қ. – 11 отбасы (36 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 1 (1 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 1235 адамның арасынан 562 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 231 адам  жұмысқа орналастырылды, 59 адам өз ісімен айналасады, 602 бала, 46 зейнеткер және  25 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2021 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы саны 16 адаммен 12 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 5 отбасы (6 адам), ҚХР – 1 отбасы (1 адам), Монғолиядан – 3 отбасы (5 адам) және Ресей Федерациясынан – 3 отбасы (4 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 12 адам, соның ішінде: 1 жоғарғы  білімді, 1 арнайы орта білімі бар,  10- орта білімі бар.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 30 отбасы (59 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 12,05 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 5,0  млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

 Квотаға енгізілген 59 адамның арасынан: 26 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 шілдедегі аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 8,3 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мыналар:

- 1975 отбасындағы 8273 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 350,9 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 370 отбасына 3,9 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2%-ға немесе 168 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.07. – 538 отбасы). 

17390 азаматқа 542,2 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға немесе 2575 адамға төмендеді (2020 жылғы 1.07. – 19965 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

370 (168 кресло-арба сатып алынды) мүгедектер арбасын алу жоспарлануда;

248 (215  құрал сатып алынды) сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарлануда;

522 (257 құрал сатып алынды) тифло-техникалық құрал сатыр алу жоспарлануда;

1112 (553 құрал сатып алынды) протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.

4 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

849 (209 адам қамтамасыз етілді) адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1412 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 787 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 589 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 198 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
09 июля 2021
Дата обновления
09 июля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы