2021 жылғы 6 ай ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не 47 өтініш (өткен жылдың ұқсас кезеңі-1113 өтініш, 1066 өтінішке азайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 29 (2020 ж. - 1018) өтініш, заңды тұлғалардан - 18 (2020 ж. – 95) өтініш, өтініштердің түрлері бойынша - 28 өтініш (2020 -1091), 4 шағым (2020-4), басқасы - 15 (2020-18) келіп түсті және тіркелді.
Өтініштердің көбі мынадай мәселелер бойынша қаралды:
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру – 25, бұл өтініштердің жалпы санының 53,2% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1058 азайған;
– халықтың көші-қоны - 9, бұл өтініштердің жалпы санының 19,1% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңде - 9 өтініш қаралды;
– мүгедектерді оңалту - 6, бұл өтініштердің жалпы санының 12,8% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 4-ке артты;
- лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі – 3, бұл өтініштердің жалпы санының 6,4% құрайды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, осы мәселе бойынша өтініштер саны 1-ге азайған;
– өзге мәселелер - 4, бұл өтініштердің жалпы санының 8,5% - ын құрайды, 2020 жылғы тиісті кезеңде - 17 өтініш қаралды.
43 өтініш бірінші рет келіп түскен, қайталанған өтініштер (телнұсқалар) саны – 4 (2020 ж. – 23).
Есепті кезеңде: 30-сіне түсініктеме берілді, 7-уі қанағаттандырылды, 5-уі қайта жіберілді, тоқтатылды – 5, 0 - есепті кезеңнің соңындағы қалдық.
Жеке қабылдауда 1 азамат қабылданды (2020 ж.-11), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 10-ға азайды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы Басқармаға 27 өтініш (2020 ж. – 1070) түсті.
Басқармада өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.