Халықты жұмыспен қамту бойынша
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде 2021 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста 8510 адам жұмысқа орналастырылды. 3148 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, Бағдарламаға 9417 адам қатысты, оның ішінде 6879 адам немесе 73% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Бағдарлама шеңберінде барлығы 7959 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 4767 адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту, сондай-ақ еңбек нарығында кәсібі және машығы талап етілуі бойынша жұмысшы кадрлерін қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 484 адам жіберілді (жоспар-500 адам).
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд. теңге 327 кредит беру жоспарлануда. 01.06.2021 жылға қайта инвестицияланған қаражат есебінен сомасы 698,5 млн.тг. 120 кредит берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 467 қатысушының оқытуын жүргізілуде (жоспар-750), оның ішінде 372 қатысушы оқуын аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруда 271,2 млн.теңге сомасында 467 грант берілді.
Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдігі және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 440 қатысушы еңбекке орналасты (жоспардағы – 421 адам), жастар практикасына 139 қатысушы жіберілді (жоспар - 376 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 2591 қатысушы жіберілді (жоспар-3054 адам)
2021 жылы облыс бойынша 3 911 477 мың теңге мөлшеріндебөлінген лимит шегінде 164 жұмыс орнын құра отырып, барлығы 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда
Жұмыспен қамтудың жол картасы жобасының аяқталғаннан кейін 108 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.
Қоныс аудару бойынша
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 674 отбасын (2347 адам) қабылдау жоспарланған.
2020 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша 617 адам бар 189 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 9,0 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 102,26 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.
Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 68 отбасы (220 адам), Түркістан облысынан – 36 отбасы (114 адам), Алматы облысынан - 27 отбасы (96 адам), Шымкент қ. – 18 отбасы (78 адам), Жамбыл – 18 отбасы (55 адам), Қызылорда облысынан – 13 отбасы (31 адам), Алматы қ. – 8 отбасы (22 адам) және Маңғыстау облысынан – 1 (1 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.
Келген 617 адамның арасынан 288 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 127 адам жұмысқа орналастырылды, 34 адам өз ісімен айналасады, 303 бала, 16 зейнеткер және 10 студент көшіп келді.
Қандастар бойынша
2021 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы саны 13 адаммен 10 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 4 отбасы (5 адам), ҚХР – 1 отбасы (1 адам), Монғолиядан – 3 отбасы (5 адам) және Ресей Федерациясынан – 2 отбасы (2 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 11 адам, соның ішінде: 1 жоғарғы білімді, 10- орта білімі бар.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 13 отбасы (37 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 3,41 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.
Квотаға енгізілген 37 адамның арасынан: 21 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 маусымдағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 8,2 мың адамды құрады.
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мыналар:
- 1909 отбасындағы 8035 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 266,9 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 366 отбасына 3,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ға немесе 170 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.06. – 536 отбасы).
13512 азаматқа 437,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,5%-ға немесе 6146 адамға төмендеді (2020 жылғы 1.06. – 19658 адам).
Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
370 (127 кресло-арба сатып алынды) мүгедектер арбасын алу жоспарлануда;
248 (136 құрал сатып алынды) сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарлануда;
522 (199 құрал сатып алынды) тифло-техникалық құрал сатыр алу жоспарлануда;
1112 (339 құрал сатып алынды) протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.
4 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
849 (156 адам қамтамасыз етілді) адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 890 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 755 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 560 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 195 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.