Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2020 және 2021 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту», «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және 2021 жылдан бастап «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» сияқты 3 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚФ немесе Басқарма арқылы, ал «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері «Е – лицензиялау» арқылы (толық автоматтандырылған) көрсетіледі.

2020 жылы Басқармамен 80 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы оралман мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша 75 мемлекеттік қызмет және «Е – лицензиялау» арқылы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2021 жылдың 1 тоқсанында Басқармамен 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту», «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетіледі, мерзімдердің бұзылуы анықталған жоқ, шағымдар түскен жоқ.

Этникалық және еңбек көші-қоны

Этникалық көші-қон

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облысқа қоныс аударушыларды қабылдау квотасына енгізілген 162 отбасы, 524 адам келді, көшуге жалпы сомасы 6,3 млн.теңге мөлшерінде және тұрғын үйді жалдау немесе сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге жалпы сомасы 81,02 млн. теңге мөлшерінде субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Аталған отбасылар Нұр-сұлтан қаласынан – 62 отбасы (202 адам), Түркістан облысынан - 32 отбасы (95 адам), Алматы облысынан – 22 отбасы (77 адам), Шымкент қаласынан – 15 отбасы (59 адам), Жамбыл облысынан – 12 отбасы (44 адам), Қызылорда облысынан - 11 отбасы (26 адам), Алматы қаласынан - 7 отбасы (20 адам) және Маңғыстау облысынан – 1 отбасы (1 адам) қоныс аударды, олар облыстың барлық аудандары мен Петропавловск қаласында орналастырылды.

Көшіп келген 524 адамның ішінен 242-сі еңбекке жарамды жаста, оның ішінде 109-ы жұмысқа орналасты, 26-сы өз ісімен айналысады, 258-і бала, 13-і зейнеткер және 8-і студент.

Бұдан басқа, облысқа жалпы саны 13 адамнан тұратын 9, оның ішінде Қытайдан - 1/1, Монғолиядан – 2/4, Өзбекстаннан – 4/6, РФ-2/2 қандас отбасы келді.

2021 жылы 123 адамға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленді. Квотаға 13 отбасы 37 адам енгізілді.

Еңбек көші-қоны 

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2 кәсіпорын шетелдік жұмыс күшін тартады, шетелдік жұмыс күшін тартуға 6, оның ішінде бірінші санат бойынша – 1 және үшінші санат бойынша - 5 рұқсат әрекет етеді.

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы