Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының
2017 жылғы «19» қыркүйек № 203-НҚ қаулысымен бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1) заңдылық;
2) транспаренттілік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықытарын және заңды мүделерін сақату және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысына жол бермеу.
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырғанкезде мыналарды:
азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қараған кезде азаматтардың құқықтары мен бостандығына басымдылық, бюрократизм мен жөнсіздікке жол бермеуді;
азаматтардың құқықтарын іске асырудың ең қысқа мерзімі және заңды мүдделерін қамтамасыз етуді;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне және стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді;
қызмет алушыларға шығутегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көз қарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кезкелген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушіліксіз бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
мыналарға:
азаматттың өтінішін қарау мәселені объективті шешуге мүдделі емес екендігіне қатысты адамға жүктелген жағдайда;
шағым берген адамға зиян келтіретін немесе оның мүддесіне қатысты шағым берілген жағдайға;
өтініште іс-әрекетіне шағым түскен лауазымды адамдарға өтінішті жіберуге;
адамның жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметті оның келісімінсіз жария ету мүмкіндігіне;
өтінішке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы деректер белгілеуге жол бермеу.
2) өз құзыреті шегінде басқару және өзге де шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде мыналарды:
барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың құзыретін нақты шектеу және және оларды жұмыс істеуін келісуді;
лауазымдық өкілеттіктерді орындауға қатынасы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен көрсетілімдерді шығаруға жол бермеуді;
туыстық, жерлестік және жеке сенімділік қасиеттері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;
меритократия прициптерін сақтауды;
қабылданып жатқан шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершіліктіқамтамасыз етеді.
3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезде:
осы актіні қабылдау жөніндегі құзырет Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей қарастырылған жағдайда нормативтік құқықтық акті қабылдау;
өзі және үшінші тұлға үшін пайда келтіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
азаматтардың құқықтарын іске асыру жөніндегі шешім жобасы келісілетін инстациялардың ең аз саны.
4) тыныс-тіршілік ерекшелігіне қарай туындайтын өзара-қарым-қатынастар кезінде:
қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады;
жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтайды;
мемлекеттікбиліктіңбеделіннығайтуға, Қазақстан Республикасына кіркелтіретіндей және мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы келетін әрекеттер жасауға жол бермеуді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдардың қатаң түрде сақталуын қамтамасыз етеді;
лауазымдық өкілеттіктердіжәнесоғаннегізделгенбеделiнжекебасының, топтықжәнеөзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу;
оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылытар туралы басшылықты және (немесе) құқық қорғау органдарын жел түрде жеткізеді;
мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндететрін орындаған
кезде жеке қызығушылқытарының туындауы, сыбайлас жемқорлық әдетіне және сыйлық алуға көндіру туралы тікелей немесе тура басшыға қажет болғна жағдайда жеткізеді;
әріптестерге және басшыға өзара қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын, қызметтік бейтарап шешім қабылдауға әсер ететін заңсыз өтініштермен жүгінуден бас тартады;
қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;
мүліктік және мүліктік емес пайда және артықшылық алу не пайда түсіру мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;
тікелей туыстық қатынастағы (ата-анасы, жұбайы, іні, апа-қарындасы, балалары) адамдардың тікелей бағынысты немесе бақылауындағы лауазымдарға тағайындалудан бас тартады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуға белсенділік танытады;
орындауға алған өкімнің заңсыздығына күмәні туралы тікелей басшысына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды;
құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті сақтауды қолдайды;
мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының және олардың салдарының туындау мүмкіндігінің себептері мен шарттарын жою жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдайды;
қызметтік тәртіп пен қызметтік намысты сақтайды;
басшыға қатысты олардың лауазымдық мүмкіндіктері арқылы жеке сенімділік көрінісіне, пайда және артықшылық алуға тырысуға жол бермейді;
өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық жауапкешілікте болады.
5) Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде:
мемлекеттік қызметті тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына бағдар жасай отырып, көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдаулары;
мемлекеттік қызмет алуға өтініштерді қараған кезде ұзаққа созу фактілеріне жол бермеулері, оларды белгіленген мерзімде берулері;
мемлекеттік қызмет алуға келген өтініш иелерімен қызметтік емес қатынастарға түспеулері;
құқық бұзушылықтар және (немесе) қылмыс жасауға тартқысы келген жағдайлары туралы басшыға баяндау;
мемлекеттік қызмет алуға келген өтініш иелерімен тікелей байланысты барынша төмендетулері;
мемлекеттік қызмет көрсетуге арналып, бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеулері және сұратпаулары;
мемлекеттік қызмет көрсету қарауға қабылданған өтініштер туралы, сондай-ақ оларды қарау мәртебесі туралы мәліметті автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (бар болған кезде) уақытылы енгізулері тиіс.
өзінің мінез-құлқымен бейтараптық, шындық, жеке тұлғаның намысына және адамгершілігіне құрмет көрсетудің үлгісін көрсетеді;
басшылықты бірегей, бөлу қызметі арқылы жүзеге асырады және қабылдаған шешімдерінің заңдылығы үшін жеке жауапты болады;
лауазымдық өкілеттіктерден тыс тапсырмаларды орындауды қарамағындағылардан талап етпейді;
қарамағындағы қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделердің қақтығысын реттеу жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
сыбайлас жемқорлықтың алды алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан бас тартады;
өзінің қарамағындағы қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық жұмыс жағдайы және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауларына жол бермеу үшін жеке жауапты болады.