Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде 2021 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша облыста 3420 адам жұмысқа орналастырылды. 890 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, Бағдарламаға 2571 адам қатысты, оның ішінде 1253 адам немесе 49% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 2659 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 1112 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту, сондай-ақ еңбек нарығында кәсібі және машығы талап етілуі бойынша жұмысшы кадрлерін қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 500 адамды жіберу жоспарланды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгеге 327 кредит беру жоспарлануда.  Бұдан басқа Бағдарлама іс-шараларымен қарыздарын субсидиялау және кепілдендіру  қаралған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша  кәсіпкерлік негіздеріне 750 қатысушының оқытуын жүргізу жоспарлануда. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 144,7 млн. теңге сомасына 250 грант (жоспарда -674 грант) берілді.

Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдігі және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшінші бағыты аясында ағымдағы жылдың 1 наурызға әлеуметтік жұмыс орындарына             232 қатысушы еңбекке орналасты (жоспардағы – 455 адам), жастар практикасына 33 қатысушы жіберілді (жоспар - 376 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 1275 қатысушы жіберілді (жоспар-2811 адам)

2021 жылы облыс бойынша 9 766 573 мың теңге мөлшеріндебөлінген лимит шегінде 492 жұмыс орнын құра отырып, барлығы 22 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда

Жұмыспен қамтудың жол картасы жобасының аяқталғаннан кейін 319 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Коңыстандырушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 688 отбасын (2412 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 295  адам бар 86 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия  және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 35 отбасы (125 адам),  Түркістан облысынан – 17 отбасы (51 адам),  Алматы облысынан  - 7 отбасы (32 адам), Шымкент қ. – 7 (20 адам), Жамбыл – 9 (34 адам), Қызылорда облысынан  – 6 (18 адам), Алматы қ. – 4 (14 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 1 (1 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 295 адамның арасынан 135 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 41 адам  жұмысқа орналастырылды, 145 бала, 8 зейнеткер және  7 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2021 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы саны 7 адаммен 5 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 1 отбасы (1 адам), ҚХР – 2 отбасы (2 адам), Монғолиядан – 2 отбасы (4 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 6 адам, соның ішінде: 1 жоғарғы  білімді, 5- орта білімі бар.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 5 отбасы (17 адам) енгізілді, оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

 Квотаға енгізілген 17 адамның арасынан: 9 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 наурыздағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 6,8 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мыналар:

- 1530 отбасындағы 6489 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 93,0 млн. теңге сомасында тағайындалды;

- 228 отбасына 1,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,0%-ға немесе 258 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.03. – 486 отбасы). 

2514 азаматқа 91,1 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,5%-ға немесе

867 адамға ұлғайды  (2020 жылғы 1.03. – 1647 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,6 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 наурыздағы  жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,5 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

370 (55 кресло-арба сатып алынды) мүгедектер арбасын алу жоспарлануда;

248 (8 құрал сатып алынды) сурдо-техникалық құрал, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын алу жоспарлануда;

522 (39 құрал сатып алынды) тифло-техникалық құрал сатыр алу жоспарлануда;

1112 протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.

4 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

958 (9 адам қамтамасыз етілді) адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 629 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 681 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 493 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 188 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы