Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде

2021 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша облыста 1985 адам жұмысқа орналастырылды. 486 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, Бағдарламаға 1184 адам қатысты, оның ішінде 800 адам немесе 68% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 1590 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 527 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2021 жылы техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту, сондай-ақ еңбек нарығында кәсібі және машығы талап етілуі бойынша жұмысшы кадрлерін қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 500 адамды жіберу жоспарланды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  2021 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгеге 327 кредит беру жоспарлануда.  Бұдан басқа Бағдарлама іс-шараларымен қарыздарын субсидиялау және кепілдендіру  қаралған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша  кәсіпкерлік негіздеріне 750 қатысушының оқытуын жүргізу жоспарлануда. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 393,2 млн.теңге сомасында 674 грант берілді жоспарлануда.

Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдігі және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшінші бағыты аясында ағымдағы жылдың 1 ақпанына әлеуметтік жұмыс орындарына 89 қатысушы еңбекке орналасты (жоспардағы – 455 адам), жастар практикасына 10 қатысушы жіберілді (жоспар - 376 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 960 қатысушы жіберілді (жоспар-2811 адам).

Коңыстандырушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы  аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан)  688 отбасын (2412 адам) қабылдау жоспарланған.

Оралмандар бойынша

2021 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша жалпы саны 3 адаммен 3 этникалық қазақ отбасы келіп, оралман мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 1 отбасы (1 адам), ҚХР – 2 отбасы (2 адам) келді.

Қоныс аударған оралмандардың қатарында еңбек жасындағылар 3 адам, соның ішінде: 1 жоғарғы  білімді, 2- орта білімі бар.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 ақпандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 6,2 мың адамды құрады.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мыналар:

- 1457 отбасындағы 6210 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 175,4 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 42 отбасына 0,3 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға немесе 18 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.02. – 60 отбасы). 

44 азаматқа 1,6 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,2%-ға немесе 99 адамға азайды  (2020 жылғы 1.02. – 143 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,6 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2021 жылғы 1 ақпандағы  жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,5 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша:

370 мүгедектер арбасын;

248 бірлік сурдо-техника, оның ішінде 70 цифрлық есту аппаратын;

522 тифло-техника құралдарын;

1112 протездік-ортопедиялық құралдарын сатып алу жоспарлануда.

4 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

958 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 253 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 674 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 448 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 186 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы