Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде
2020 жыл бойынша облыста 30126 адам жұмысқа орналастырылды. 12176 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, Бағдарламаға 23650 адам қатысты, оның ішінде 16513 адам немесе 70% - ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Бағдарлама шеңберінде барлығы 25213 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы дерекқордағы бос жұмыс орындарына 12416 адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2020 жылы техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 426 қатысушы (жоспарда – 426 адам) оқытыла басталды. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 542 адам (жоспарда – 525 адам) жіберілді, 511 адам оқуын аяқтады, 444-і жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2021 жылдың 1 қантардағы жағдай бойынша 2,8 млрд. теңге сомасына 656 несие берілді. Сонымен қатар, Бағдарламаның іс-шараларында қарыздарды субсидиялау және кепілдендіру қарастырылған. Жыл басынан бері 29 қатысушы шағын несиелер бойынша кепілдіктер алды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1070 адам жіберілді, оның ішінде 938 қатысушы (жоспарда - 938 адам) оқуын аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 874,2 млн. теңге сомасына 1639 грант (жоспарда -1639 грант) берілді.
Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында 2020 жы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 567 қатысушы (жоспарда – 430 адам) жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 821 қатысушы (жоспарда-760 қатысушы), қоғамдық жұмыстарға 4802 қатысушы (жоспар – 4076 адам) жіберілді.
Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 36 млрд.151 млн. теңгеге қажеттілік қалыптасты, бұл 360 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.18 жоба келесі 2021 жылға көшетін болады.
Жалпы облыс бойынша жобаларды іске асыру кезінде 6893 жұмыс орны құрылды (жоспар-6500), Жұмыспен қамту орталықтары арқылы бойынша 3451 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар-3244).
Қазіргі жағдай бойынша жаңа тұрақты жұмыс орындарына151 азамат орналастырылды.
Коңыстандырушылар бойынша
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Бағдарламаға сәйкес 2020 жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 552 отбасын (1765 адам) қабылдау жоспарланған.
2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1765 адам бар 590 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 161,9 млн. теңге мөлшерінде (РБ-тен – 137,9 млн.теңге, ЖБ-тен – 24 млн.теңге) көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 235,8 млн. теңгеге (РБ-тен – 202,9 млн.теңге, ЖБ-тен – 32,9 млн.теңге) тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.
Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан – 176 отбасы (551 адам), Түркістан облысынан – 170 отбасы (484 адам), Алматы облысынан - 74 (269 адам), Жамбыл – 65 (191 адам), Шымкент қ. – 34 (107 адам), Алматы қ. – 30 (78 адам), Қызылорда облысынан – 36 (71 адам), Маңғыстау – 5 отбасы (14 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.
Келген 1765 адамның арасынан 910 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 542 адам жұмысқа орналастырылды, 140 өз ісімен айналасады, 761 бала, 49 зейнеткер және 45 студент көшіп келді.
Оралмандар бойынша
2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы саны 99 адаммен 55 этникалық қазақ отбасы келіп, оралман мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 7 отбасы (7 адам), Ресей Федерациясынан 7 отбасы (7 адам), ҚХР – 37 отбасы (81 адам) және Монғолиядан – 4 отбасы (4 адам) келді.
Оралмандарды қабылдау өңірлік квотасына 50 отбасы (120 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 11,67 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 19,8 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.
Квотаға енгізілген 120 адамның арасынан: 75 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 11,0 мың адамды құрады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мыналар:
- 2485 отбасындағы 10999 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 809,7 млн. теңге сомасында көрсетілді.
- 681 отбасына 6,9 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7%-ға немесе 157 отбасына төмендеді (2020 жылғы 1.01. – 838 отбасы).
- 20828 азаматқа 700,6 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға немесе 1657 адамға ұлғайды (2020 жылғы 1.01. – 19171 адам).
Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,6 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы жанынан 45 орынға мүгедек балалар үшін күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жаныан 10 орынға жасы 18-ден асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлері бойынша ұсынылады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс мүгедектері оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес 2020 жылы: 541 мүгедек кресло-арбалар (РБ-541 дана) сатып алу жоспарланған болатын. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 541 арнайы қозғалыс құралы сатып алынды, 412 адам 535 кресло-арбамен қамтамасыз етілді. Мүгедектігі бар адамдарға қосымша электр жетегі бар 44 кресло-арба (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша) берілді.
420 бірлік сурдотехника, оның ішінде 139 цифрлық есту аппараты (РБ-420 дана). 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 420 сурдотехникалық құралдар, оның ішінде 139 цифрлық есту аппараттары сатып алынды, 229 адам 378 сурдоқұралмен қамтамасыз етілді;
765 тифло техника құралдары (РБ-765 дана). 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 801 тифлотехникалық құралдар сатып алынды, 382 адам 742 құралмен қамтамасыз етілді.
10 адам кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) қамтамасыз етілді – 3 ересек және 7 бала.
379 мүгедек санаторлық-курорттық емдеумен (РБ-379 адам) қамтамасыз етілді.
Протездік – ортопедиялық көмекпен 1068 адамды 1806 бұйыммен (РБ-тен 1067 адамға 1805 бұйым, ЖБ-тен 1 адамға 1 бұйым) қамтылды.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
2020 жыл ішінде 2033 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 748 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп - тұруы қиын 1-топтағы 557 мүгедекке жеке көмекшілер қызметі және 191 есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.