Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан. Аудан облыстың Ғ.Мүсiрепов атындағы және Есiл аудандарымен шекаралас. Аудан аумағының жалпы көлемi — 9,62 мың кв.км. Халық саны — 38985 адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны — 19475 адам.
Әкiмшiлiк орталығы — Саумалкөл, облыс орталығы Петропавл қаласынан 280 км. қашықтықта орналасқан.
Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының маңызды секторы болып табылады. Қазiргi уақытта ауданда 234 агроқұрылым қызмет етедi, соның iшiнде 50 ЖШС, 135 шаруалар қожалығы және 49 фермерлiк қожалықтар жұмыс жасайды. Аудан аумағында барлық елдi мекендерiн қамтып жолаушылар тасымалдайтын Саумалкөл-Петропавл, Саумалкөл-Көкшетау автобус маршруты ұйымдастырылған.
Ауданда 5 мектепке дейiнгi бiлiм мекемелерi, 32 — орта жалпы бiлiм беру мектептерi, 2 — кәсiби бiлiм беру мекемелерi, 1 — мектеп-интернат бар (қазақ, орыс немесе аралас тiлдерде оқытумен).
Аудан тұрғындарына медициналық көмектi аудандық орталық ауруханасы, 3 фельдшер-акушерлiк пункттер көрсетедi. Ауданда 2 қонақ үйi жұмыс iстейдi.
Аудан екi бағыттағы автомобиль жолының қиылысында орналасқан. Аудан аумағы бойынша Көкшетау-Астана жолы өтедi. Аудан орталығының басты артықшылығы Қостанай-Қарағанды маршруты өтетiн темiр жол трассасы болып табылады.
Ауданның визит карточкасы ауданның көрiктi жерлерi, мәдени ескеркiштерi, өлке табиғаты Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындарына және басқа облыстан келген адамдарға жайлы демалыс орны болып табылады.
Мәдениет ескерткiштерi ауданның көрнектi орындары болып табылады. Айыртау ауданы аумағында 12 тарихи ескерткiштер, 33 археологиялық ескерткiштер: Ботай қонысы, «Қарасай-Ағынтай» мемориалдық кешенi, Сырымбет селосында «Айғаным» үй-жайы, Ш.Уәлиханов атындағы музей бар.
Жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру мүмкiндiгi бар.
Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:
Әкiм: 8-715-33-22646
Айыртау ауданның әкiм орынбасары: 8-715-33-21641
Айыртау ауданның халықты жұмыспен қамту орталығы: 8-715-33-21391
Айыртау ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 8-715-33-21362
Айыртау ауданның жер қатынастарының бөлiмi: 8-715-33-22805
Айыртау ауданның тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi жөне автомобиль жолдары бөлiмi: 8-715-33-22969
Айыртау ауданның кұрылыс бөлiмi: 8-715-33-20561