Солтүстiк Қазақстан облысының шығыс бөлiгiнде орналасқан. Аудан солтүстiгiнде РФ Омбы облысымен, шығысында Уәлихан ауданымен, оңтүстiгiнде Ақмола облысының Еңбекшiлдер ауданымен, батысында Ақмола облысының Шортанды ауданымен, Мағжан Жұмабаев және Тайынша аудандарымен шекараласады. Аудан аумағының жалпы көлемi — 8,04 мың шаршы км. Халық саны — 16 743 адам.
Әкiмшiлiк орталығы — Талшық, облыс орталығы Петропавл қаласынан 325 км қашықтықта орналасқан.
Аудан экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы болып табылады. Қазiргi уақытта ауданда 200 — агроқұрылым қызмет етедi, соның iшiнде 27 — ЖШС, 152 — шаруалар қожалығы және 21 — фермерлiк қожалықтар жұмыс жасайды. Аудан аумағында барлық елдi мекендерiн қамтып, жолаушылар тасымалдайтын Талшық-Ақсары, Талшық– Горький автобус маршруты ұйымдастырылған.
Ауданда 4 мектепке дейiнгi бiлiм мекемесi, 25 орта жалпы бiлiм беру мектептерi, 1 кәсiби бiлiм беру мекемесi, 1 мектеп-интернат бар (қазақ, орыс немесе аралас тiлдерде оқытумен).
Аудан тұрғындарына медициналық көмектi аудандық орталық ауруханасы, 1 дәрiгерлiк амбулатория, 3 фельдшер-акушерлiк пункт және 19 медециналық пунктер көрсетедi.
Ауданда 2 қонақ үйi жұмыс iстейдi.
Аудан екi бағыттағы автомобиль жолының қиылысында орналасқан. Аудан аумағы бойынша республикалық маңызы бар Омбы-Көкшетау тас жолы және облыстық маңызы бар Казагородок-Горкий тас жолдары өтедi. Аудан орталығының басты артықшылығы Қызылту-Астана маршруты өтетiн темiр жол трассасы болып табылады.
Мәдениет ескерткiштерi ауданның көрнектi орындары болып табылады. Ақжар ауданы аумағында 5-ескерткiш, 4- обелиск, 9- стелла және С.Садуақасов атындағы музей бар.
Жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру мүмкiндiгi бар.
Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:
Әкiм: 8 (71546) 21-124, 21-441
Әкiм орынбасары: 8 (71546) 21-708
Халықты жұмыспен қамту орталығы: 8 (71546) 22-109, 79-054
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 8 (71546) 21-473, 21-449
Жер қатынастарының бөлiмi: 8 (71546) 21-344, 79-060
ТКШ бөлiмi: 8 (71546) 79-069, 21-768
Құрылыс бөлiмi: 8 (71546) 79-091, 21-009