Солтүстiк Қазақстан облысының орталық бөлiгiнде орналасқан. Аудан облыстың Қызылжар, Есiл, Тайынша және М.Жұмабаев аудандарымен шекараласады. Аудан аумағының жалпы көлемi 470,0 мың шаршы км. Халық саны — 20084 адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны — 14700 адам.
Әкiмшiлiк орталығы — Смирнов, облыс орталығы Петропавл қаласынан 60 км. қашықтықта орналасқан.
Аудан құрамына 32 елдi мекен кiредi. Аудан экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы болып табылады. Қазiргi уақытта ауданда 302 агроқұрылым қызмет етедi, соның iшiнде 1 жол шаруашылығы кәсiпорыны, 1 автокөлiк кәсiпорыны, өнеркәсiп қызметтерiн көрсететiн 35 мекеме, 30 мәдениет мекемесi және демалысқа арналған басқа да жағдайлар жасалған. Аудан аумағында барлық елдi мекендерiн қамтыйтын 8 облыстық, 4 аудандық автобус маршруттары, 31 елдi мекен автобус мартшруттарымен қамтылған.
Ауданда 24 мектепке дейiнгi бiлiм мекемесi, 15 орта жалпы бiлiм беру мектептерi, 1 кәсiби бiлiм беру мекемесi, 6 мектеп-интернат бар (қазақ, орыс немесе аралас тiлдерде оқытумен).
Аудан аумағында барлық елдi мекендердi қамтыйтын Смирнов-Петропавл автобус маршруты ұйымдастырылған.
Аудан тұрғындарына медициналық көмектi аудандық орталық ауруханасы және поликлиника, 27 фельдшер-акушерлiк пункттер көрсетедi. Ауданда 1 қонақ үйi жұмыс iстейдi.
Аудан 2 бағыттағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының қиылысында орналасқан. Аудан аумағы бойынша Петропавл-Астана, Челябинск-Новосибирск, 4 облыстық маңызы бар: Астраханка-Смирнов-Қиялы-Тайынша-Алексеевка, Смирнов-Полтавка-Ивановка, Смирнов-Трудовое-Тоқшын, Киров-Қиялы-Рорщинское тас жолдары өтедi. Аудан орталығының басты артықшылығы Петропавл-Алматы маршруты өтетiн темiр жол трассасы болып табылады.
Бiздiң аудан географиялық маңызды аумақта орналасқан, көлiк жүйесi жеткiлiктi дамыған, бiрiншi кезекте өсiмдiк шаруашылығы үшiн, ауыл шаруашылығын дамыту үшiн қызғылықты. Бұл саланың дамуына ауа райының қолайлығы және топырақтың құнарлығы себiн тигiзедi. Ауа райының ашық кезiнде аудан 850,0 мың тонна өнiм ала алады. Ауыл шаруашылық жерлерi 359,5 мың га-ны құрайды. Жалпы аудан аумағы орман, дала аймағында орналасқан. Орман қоры 49 мың га құрайды немесе ауданның барлық аумағының 10,4%. Ауа райының климат жағдайы: қыста -3-тен-25-30 дейiн, жазда +35-40 градус. Жылыту маусымы 7,5 айға дейiн (отын, көмiр, электр тогы, сұйық жанармай).
Жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру мүмкiндiгi бар.
Ақпарат алу үшiн мына телефондарға жүгiнiңiз:
Әкiм: 87153221277
Әкiм орынбасары: 87153222480
Халықты жұмыспен қамту орталығы: 87153222911
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 87153221265
Жер қатынастары бөлiмi: 87153221486
ТКШ бөлiмi: 87153222035
Құрылыс бөлiмi: 87153222462