Меню

Страницы

Статья

Есiл ауданы

Есiл ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының орталық бөлiгiнде орналасқан. Аудан облыстың 7 ауданымен шекаралас. Аудан аумағының жалпы көлемi 5,14 мың кв.км. Халық саны – 26,8 мың адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны 14,6 мың адам. Петропавл қаласының облыстық орталығынан Явленка селосының. Әкiмшiлiк орталығы 76 км қашықтықта орналасқан.

Аудан аумағының құрамына 57 елдi-мекен кiредi.

Ауданда 282 агроқұрылым жұмыс iстейдi, олардың iшiнде 84 ЖШС, 180 қожалық және фермерлiк шаруашылық, мемлекеттiк заңды тұлғалар 3, басқалары 15.

Ауданда өңдеу жұмыстарымен 10 диiрмен жұмыс жасайды, 18 наубайхана, 1 шұжық цехы, 2 сүт өңдеу цехы, 2 май өңдеу бойынша цехы, 1 балық сүрлеу цехы, 1 макарон шығарушы цехы, 1 тұшпара өңдеу цехы, 1 соғым пунктi, 10 соғым алаңы айналысады.

Ауданда түрлi меншiк иелiгiмен 41 мәдениет объектiлерi (27 мемлекеттiк, 9 шаруашылық субъект меншiктерiнде, 5 жалпы бастамада).

Аудан аумағында барлық елдi мекендердi қамтитын 33 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның iшiнде 1 аудандық маршрут және 1 облыстық маршрут.

Ауданда 47 мектепке дейiнгi бiлiм мекемелерi, 39 жалпы бiлiм беру мектептерi, (оның iшiнде 16 орта бiлiм, 7 негiзi, 16 бастауыш), 3 балабақша,балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi, қора маныңдағы клуб, ән мектебi, 2 кәсiби бiлiм беру мекемелерi, бар.

Аудан тұрғындарына медициналық көмектi аудандық орталдық ауруханасы, 5 дәрiгерлiк амбулатория, 3 фельдшер-акушерлiк пунктi және 35 медициналық пункттер көрсетедi.

Ауданда 1 қонақ үйi қызмет атқарады.

Покровка селосындағы Ж.Қизатов атындағы «Есiл ауданының ауыл шаруашылық колледжi» КМҚМ күндiзгi түрi бойынша бюджеттiк негiзде (тегiн) келесi мамандықтар бойынша оқыту жүргiзедi: «Агрономия», «Мал дәрiгерi», «Ет өндiру», «Орман шаруашылығы», «Орман шеберi» бiлiктiлiгiмен бақша, саябақ және ландшафтық құрылыс, «Дене шынықтыру және спорт», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Есеп және аудит».

«ҚР БҒМ СҚО әкiмдiгiнiң Петровка агро-техникалық колледжi» КММ бюджеттiк негiзде «Аспаз», «Тракторшы-машинист», «Дәнекерлiк iс», ақылы негiзде «Аспаз», «Тракторшы», «Газдәнекерлеушi», «А» санатынан басқа барлық санаттағы жүргiзушi мамандықтар бойынша оқытады.

Аудан республикалық Петропавл-Жезқазған тас жолы бойында орналасқан. Аудан аумағы бойынша 575 км жол өтедi, соның iшiнде 76 км республикалық мәндегi көлiк жолы жүйесi, 170 км облыстық мәндегi көлiк жолы жүйесi, 329 км аудандық мәндегi жалпы қолдану көлiк жолы жүйесi.

Ауданның визиткарточкасы: «Кiндiктi», «Үлкен Торанғұл» көлдерi, Есiл өзенi, «Красный бор» қорығы, «Есiл» стадионы, тарихи-краеведтiк мұражай.

Жер учаскелерiн беру мүмкiндiгi бар.

Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:

Әкiм: 8(71543)21501 (қабылдау бөлiмi)

Халықты жұмыспен қамту орталығы: 8(71543)21910

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 8(71543)21999

Жер қатынастарының бөлiмi: 8(71543)21691

ТКШ бөлiмi: 8(71543)22745

Құрылыс бөлiмi: 8(71543)22756

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы