Меню

Страницы

Статья

Жамбыл ауданы

Жамбыл ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-шығыс бөлiгiнде орналасқан және аудан Ресейдiң Қорған облысымен және Қостанай облысымен, Мамлют, Есiл, Шал ақын және Тимирязев аудандарымен шекараласады. Аудан аумағының жалпы көлемi 7,47 мың шаршы км. Халық саны — 21,2 мың адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны 13,8 мың адам.

Әкiмшiлiк орталығы — Пресновка селосы, облыс орталығы, Петропавл қаласынан 140 км қашықтықта орналасқан.

Аудан аумағына 53 елдi-мекен кiредi. Ауданда 231 ауыл шаруашылығымен айналысушылар (2 коммандиттiк серiктестiктер, 34 ЖШС, 195 фермерлiк және шаруа қожалықтары), 2 жол шарушылық және автокөлiк кәсiпорны, 41 өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн кәсiпорын, сондай-ақ 13 мәдени-демалу орындары және басқа демалыс орындарын дамыту үшiн бiрқатар жағдайлар жасалған.

Ауыл шаруашылығы, соның iшiнде егiн және мал шаруашылығы, яғни өсiру, өндiрiс және өңдеу — аудан экономикасының маңызды секторы болып табылады.

Аудан аумағында ұйымдастырылған 12 автобус маршруты (2 селолық, 1 қалааралық және 9 қалалық), ауданның барлық елдi мекендерiн қамтитын жолаушылар тасымалдайды. Ауданда 42 мектепке дейiнгi бiлiм мекемесi, 42 ортажалпы бiлiм беру мектептерi, 1 кәсiби бiлiм беру мекемесi, 8 мектеп-интернат (казақ, орыс немесе аралас тiлдерде оқытумен) бар.

Аудан тұрғындарына медициналық көмектi аудандық орталық ауруханасы, 1 фельдшер-акушерлiк пункт, 6 дәрiгерлiк амбулаторы және 42 медициналық пункттер көрсетедi. Ауданда 2 қонақ үйi қызмет атқарады.

Аудан екi бағыттағы автомобиль жолының қиылысында орналасқан: Петропавл-Қостанай. Аудан аумағы бойынша республикалық жол өтедi.

Ауданның визиткарточкасы (ауданның көрiктi жерлерi, мәдени ескеркiштер, өлке табиғаты) болып табылады: Қожаберген жырау мазары Благовещенка селосында, Шухов атындағы музейi Пресновка селосында, С. Мұқанов атындағы музейi Сабит ауылында, Ғ. Мүсiрепов атындағы музейi Жаңа-Жол ауылында орналасқан.

Жер учаскелерiн беру мүмкiндiгi бар(жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн, өндiрiс мақсатында, тұрғын үй салу).

Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:

Әкiм: 8(71544) 2-12-32, 2-12-33

Әкiм орынбасары: 8(71544) 2-11-36, 2-15-32

Халықты жұмыспен қамту орталығы: 8(71544)2-11-77, 2-18-30

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 8(71544) 2-13-38, 2-14-71

Жер қатынастарының бөлiмi: 8(71544) 2-28-11, 2-28-48

ТКШ бөлiмi: 8(71544) 2-19-91, 2-19-91, 7-90-85, 2-27-12, 2-27-35

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы